Калифориядағы ажал жазығымен

Салауатты өмір салты /
Ыстық күнде денеге тұздың керексіздігін дәлелдеу мақсатымен, Калифорниядағы ажал Жазығына аттандам. Жер шарының шілде мен тамыздағы айтарлықтай ыстық нүктесі осы болатын. Алғашқыда ажал жазығындаға Фернес-Крик-Ранчо ауылынан Стаувпайп Уэллске дейінгі 48 шақырым шамасындағы қашықтықты жаяу өтуге 10 жас спортшы жалдадым. Бәрін де тұзды таблеткамен, сумен жабдықтадым. Соңымыздан еретін төңкермелі мәшинеде тамақтың түр-түрі — нан, күлше, ірімшік, бұқтырылған ет, т.б. толы еді. Қай тамақты да қалауынша тұздай алатын. Өзіме тұз алмадым. Сапар боына ашықтым. Сынақ шілденің соңына қарай басталған. Термометр Цельсия боынша 41 градус ыстықты көрсетіп тұрды. Азанғы сағат тоғызда сапарға шықтық. Күн көтерілген сайын, термометр сынабы да жоғарылай түсіп 54 градусқа жетті. Құрғақ ыстық бізді балқытып жатқандай.
Жігіттер тұзды таблетка жұтып, үстеріне мұзай су құйысты. Таңертең бәрі де ет пен ірімшік жеп, сусын ішкен. Жарты сағат демалып, ыстық құмдағы сапарымызды қайта жалғадық. Қайратты жігіттерім көп ұзамай-ақ әбіржи бастады. Әуелі үшеуі лоқсып, мазалары кетіп, қуқылдана түсіп, бірте-бірте әлсіздікке бой алдырды. Оларды Фернес-Крик-Ранчоға әл үстінде жөнелттік. Ал сапарды қайта жалғастырған жетеуі суды бұрынғыша көп ішіп, тұзды таблетка жұтып келе жатты. Кенет бесеуінің іші бүре ауырып, мазаларын алды. Бұл бесеуін де кері жөнелттік. Оның үшеуі қалды. Сағат төрттің кезі. Күн шыжғырып барады. Ыстық өткен екі жігіт бірдей құлап түсті. Екеуі де ауылға жөнелтіліп, оларға дәрігерлік жәрдем берілді.
Тұз пайдаланбаған адам ғана осы сапарды ойдағыдай аяқтады. Ол- Брегг ақсақал! Қашықтықты жалғыз өзім жүріп өтіп, балаусадай балғындық сезіндім.! Тұзды айтасыз, басқа тағамды да татып алғам жоқ. Сусағанда тек жылы су іштім. 10,5 сағаттық сапарымды аяқтап шыққанымда ешқандай ынғайсыздық сезінгем жоқ. Жол шатырда түнедім. Таңертең де тамақтанбай, тұзды таблетка да жұтпай келген ізіммен ауылға беттедім.
Дәрігерлер мұқият тексеруден өткізіп, жағдайымның өте тамаша екенін анықтады. Тұздың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттегісі келетін оқымыстылар табылса, ажал Жазығына сапарымды қайталауға даярмын.

Әдет — екінші кейіпіңіз

Көкөністі, балықты, етті басқа азық-түлікті тұздамасыңыз да, оларда табиғи натрий әбден жеткілікті. Ағзаның натрийге деген сұранысын осының өзі де толық қамтамасыз етеді. Мұның мысалын ешқашан тұз пайдаланбаған халықтан көруге болады.
Дүниенің түкпір-түкпірін шарлаған 13-тен аса экспедицияға қатысқанымда тұз тұтынатын бірде ді түздікті кездестіргенім жоқ. Ешқайсысы да қан қысымымен ауырмайды. Жас ерекшелікткріне қарамастан, қан қысымдары — 120 да 80. Бұл керемет көрсеткіш емес пе?! Сондай-ақ, олар жүрек, бүйрек ауруымен азаптанбайды.

Күніне қанша тұз керек?

Бұл жөнінде зерттеулер аз емес. Оқымыстылар арасында күніне адщам 0,5 граммнан 1 граммға дейін тұз тұтынуы тиіс деген ауытқулы пікір бар. Тұздың мұндай мөлшерін ағза сіңіре алады. Ал, тұзды тұтынатын біздің Қазақстандықтар оны 15-30 есе арттырып жібереді.
Мұның мәнісі: «дайын» өнімнің бәрінде де трұз көп (әй, бәрібір құтыла алмаймыз-ау).

Ашығу арқылы тұзды шығару

Мақсатты ашығудың елу жылдық практикалық және ғылыми тәжірибесін бастан өткердім. Төрт күндік ашығудың өзі де ағзадан тұзды қуып шығатынына көз жетті. Мұны анықтауға зәрді сараптан өткізу көмектесті. Сіз де тек тұзсыздандырылған су (дистиллированная вода) ішіп, төрт күн бойы ашығыңыз. Бұл уақытта ағза тұзсыздандырылған судан өзге ештеңе қабылдамауы тиіс. Тұзсыздандырылған суды қанша ішсеңіз де ерік өзіңізде.
Азандағы алғашқы зәріңізді шөлмекке құйып, салқын жерге екі немесе үш күнге қойыңыз. Сонда шөлмек түбіне басқа қалдықтарға қосыла тұнған натрий хлоридін көресіз. Сол тұздан арылған бүйрек қандай еркін жұмыс істейді десеңізші! Аузыңыздың кебістігі қайтып, аңқа кептірген шөліңіз басылады. Теріңіздің бастапқы қалпына қайта келіп, бұлшықеттеріңіздің құлшынып тұрғанына назар аударыңыз. Бұрынғыдан жастау әрі сымбатты көрінесіз. Көлкілдеген ісігіңіз жойылады. Ашығу арқылы ағза ең алдымен тұз бен семіздіктен арылады.
Ашығу кезіндегі өзгерістерді көргенде, өз көзіңізге өзіңіз сенуіңіз қиын. Жайшылықта ас қорытатын күш-қуатыңыз ашығу үстінде ағзаңыздың түкпір түкпірін тазартуға, дене клеткалары мен талшықтарында қордаланған зиянды қалдықтарды, уларды шығаруға жұмсалады. Төрт күн тұздан арылғанг соң оны қайта тұтынбауға дағдыланыңыз. Әрине, бұған үйрену қиын. Бірақ, жасырынған азық-түліктің бәрінде де «жасырынған тұз» бар емес пе?
24-36 сағаттық ашығулар тұздан әр апта сайын арылуға көмектеседі. Лекйия оқуға және ғылыми сынақтарға жиі шығатын болғандықтан «жасырын тұздан» мен де қашып құтыла алмаймын. Дегенімен, мейрамханаларда, мұхит кемелерінде, ұшақтар мен пойыздарда «Тұзсыз әкеліңізші!» деген өтінішім үнемі бірге жүреді. Аптадағы 24-36 сағаттық ашығуым жаныма майдай жағады.
Тамаққа ешқашан тұз қоспаймын. Бреггтің отбасы мүлде тұз тұтынбайды. Біз түрлі шөппен, сарымсақ тәрізді түрлі қоспамен тамақтың дәмін келтіреміз. Олар тамаққа тәбет шақырар тартымдылық сыйлайды. Ашығу мен тұзсыз тамақ сымбатыңызды, көңіл-күйіңізді қаншалықты жақсатады десеңізші.

Ашығу — дәрі емес

«Ашығу мынандай ауруымды емдей ала ма?» деп адамдар ауызша да, хатпен де жиі сұрайды. Бұған қайтарар жауабым қысқа да, анық: мен ашығуды аурудан айығатын дәрі ретінде ұсынбаймын! Өйткені, емдеумен айналыспаймын. Табиғаттан өзге дәрігерге де сенбеймін.
Күш-қуатты нығайта түсу ғана қолымнан келеді. Сонда ауруду емдеу ағзаның ішкі өз жұмысына айналады. Мен сізге ашығу арқылы күш қуатыңызды үстей, нығайтуды үйретемін.

Кісі өзін кінәламайды

«Суықтадым, шамалдап қалдым, қартайып келем, қайратым қашты» — дейді адамдар. Мұның негізгі күнәһары өздері екенін мойындамай, үсті-үстіне ақтала түседі. Бірақ аурушаңдығыңызға, ерте қартайғаныңызға өзіңіз айыптысыз.
Дұрыс өмір сүрмегендіктен әлсірейсіз. Күш қуатыңыз азайса, ағзаңызды у жайлап, ұйыған жеріңіздегі мүшелеріңізді ауыртып, азапқа салады. Бұған өзіңізде өзге ешкімді де, ешнәрсені де кінәламаңыз. Бәрі де өмір сүру тәртібіне байланысты. Ағзаңызды әлсіретіп алсаңыз да, түрлі жолмен, әкелген уларыңыз өзіңізді улады. Одан арылу үшін ашығу және табиғи өмір кешу арқылы күш-қуатыңызды нығайтыңыз — әлсіздігіңіз тарқайды!

Керемет — өзіңізде

Керемет туралы армандау — адамға тән қасиет! Әрқайсысы өз алдына бір-бір әлем саналатын табиғи тамақтанудың, дене жаттығуларының, ашығудың шынайы жетістіктеріне көз жеткізбей, адамдар ақылға сыймайтын салаларда кереметті іздейді.
Табиғаттың дана заңдарына ілесудің ешқандай қиындығы жоқ. Аурудың азабын тартқандар мен ерте қартайғандар денсаулық пен жастыққа апарар төте жол іздейді. Денсаулық үшін бейнет кешетіңізді ұмытпаңыз! Оны ешкім сатпайды, сатып ала алмайсыз. Денсаулығымның мықтылығы. қуатымның молдығы табиғи заңдарын үйрене зерттеуіме және соларға бағынуыма байланысты. Табиғи тамақ, ашығу арқылы тазару, дене жаттығулары сізді кәріліксіз өмірге бастайды

Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.