Тұмау мен суықтауға қарсы күрес

Салауатты өмір салты /
Еркіндік пен дұрыс демалыс адамға қанат бітіріп, ақиқат іздетеді. Бұл – шексіз ізденіс! Ақиқат – тұрмыстың шыңы.

Эмерсон

Мұрынан су сорғалай бастаса, мазаңыз кетеді. Желдеуітіп қалсаңыз да, аяғыңыздан су өтсе де, салқындасаңыз да сіз табиғатты кінәлайсыз. Шын мәнісінде, суықтау — өте асқынған емдік дағдарыс.
Ішкі тазалық жоғалса, ағза өзін емдеудің өткір дағдарысына ұшырап, қалдықтар мен уларды мұрынан су сорғалау арқылы сыртқа шығарады. Оны вирустардың немесе аурудың ықпалы деп ойламаңыз. Мұрынан су соғаласа, күш-қуатыңыз сіздің пайдаңызға жұмыс істеп жатқаны.
Табиғатпен ынтымақтас болсаңыз, оның тазарту жұмысына көмектесесіз. Тазарту процесіне кереғар ешнәрсе жасамаңыз. Сізден талап етілетін жалғыз-ақ нәрсе – ашығу!
Не істеу керек екенін табиғаттың өзі жетік біледі. Сізге айтар бір ғана тілек – жылы төсекке жайғасыңыз. Тамақ татып алмаңыз. Жеміс жемеңіз, сөлін де ішпеңіз. Тұзсыздандырылған суға анда-санда аздап бал мен лимон сөлін араластырып ішіңіз. Басқа нәрсенің қажеті жоқ.
Жатын бөлмеңіздің жақсы желдетілуіне, ауаның тазалығына көңіл бөліңіз. Оқымаңыз, радио тыңдамаңыз, теледидар көрмеңіз. Ұйықтаңыз. Демалыңыз. Туыстарыңызбен, достарыңызбен әңгімелесуге де күш-қуатыңызды шығындамаңыз. Жекеден-жеке қалыңыз.
Тазарту дағдарысы тұсында қалай ұзақ ашығуыңыз керек? Ондай дағдарыстар жылдың кез-келген мезгілінде, әсіресе, ауа райы суытқанда жиі ұшырасады. Аяғыңызға қайта міну үшін, көп жағдайда үш күндік ашығу жеткілікті. Кейде аптаға, он күнге созылуы да ықтимал. Оған әбіржімей-ақ қойыңыз. Тазарту дағдарысынан соң, денсаулығыңыздың жақсара түскенін өзіңіз де сезесіз.
Әр адам – өз мінез-құлқының жағымпазы. Сонымен бірге, өз денсаулығы мен жақсы көңіл күйінің сақтаушысы да.
Табиғат адамды жаратқанда, денсаулығына табиғи күштерді тиімді пайдалансын деп, оған керемет ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндікті берген. Ашығу – табиғи денсаулыққа бастайтын жалғыз жол. Табиғат бізге тазартудың қарапайым құралын берген. Онымен бірлікте болып, өмірімізді соның өзгермес заңдарына сәйкестендіруіміз қажет. Табиғи тұрмыс салты арқылы ғана денеміздің ақыл-ойымыздың, рухымыздың мүмкіндіктерін мейілінше жетілдіре аламыз. Денсаулыққа баратын жол ұзақ. Ашығу үстінде біз өз міндетіміздің бір бөлігін ғана атқарамыз. Табиғат мұны елеусіз қалдырмайды. Оның заңдарына тұрмысымызды сәйкестендірсек, ол да өз кереметін алдымызға жайып салады.

Артық нәрсенің бәрі де табиғатқа кереғар.

Гиппократ

Табиғатқа сеніңіз

Біреуді емдеп жазу жөнінде міндеттеме қабылдауғы ешкімнің де құқы жоқ. Оны тек табиғат атқаратынына күмәнсізбін.
Кез-келген адам ашығу мен табиғи тамақтану, табиғи дағдыларды жүзеге асыруына нәтижесінде салауатты өмір сүре алады. Тазару – ағзаның өзі ғана атқаратын ішкі биологиялық қызмет. Оның тиімділігі ашығу арқылы бұрынғыдан да артады. Сіздің өміршең де салауатты етуге табиғат үнемі ұмтылады. Демек, тазару дағдарысын бастағанда, істің жөнін біледі. Табиғаттың айтқанын істеңіз. Ол ұятқа қалдырмайды. Ашығу – ең үлкен көмекші.

Поль Брегг

Пы/сы: мына жерде Поль Брегг 85 жаста. «Ашығудың құдіреті» кітабын жазу кезінде.

3 пікір

qyrmyzy
«Айтабердің медбикесі» деген медаль берй керек саған))))
Togzhan
Мына ашығу деген универсал ем екен ау өзі))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.