Қиналсаңыз да күліңіз

Салауатты өмір салты /
«Кереметтей көмегі тиетініне сенгендіктен, ашыға едім. Бірақ азапты алғашқы үш күннің қиындығынан қорқамын. Сол себепті де ашыға алмаймын». Ашығу құдіреті туралы оқыған лекцияларымның тұсында әлгіндей сөздерді көп-ақ естідім. Ондайларға "қиналсаңыз да тістене күліңіз" деп бір ғана кеңес беремін.
«Бір рет ашығып ем, діңкелеп мазам кете бастаған соң, қайта тамақтана бастадым». Мұндай шығымды да жиі естимін.
Осы кітабымның еш жерінде ашығу оңай дегенім жоқ.
Тамақ — өмірімізді аса маңызды бөлігі. Егер адамдардың азық-түлігін жинап алып, ашығуға кеңес берсеңіз, олар физикалық және психикалық көптеген қиындықты бастан өткереді. Мұның басты себебі — ашығудың жұртқа кеңінен таралмауы. Адам — дағдының құлы.
Кейде Гавай аралдарындағы Рокфеллер жаңа қонақ үйіне түсуімнің сәті келеді. Американдық бұл мейрамханада тұру төлеміңізге тамақ құны да қосылады. Азанғы ас 7.30-да, түстік 12.30-да, кешкі ас 7 сағатта беріледі. Тиісті уақыт жақындағанда, асханалардың ашылуын асыға күтіп тұрған адамдарды көресіз.
Шыдамсыздана күткен сол адамдар шынымен-ақ аш па? Қалай аш болады? Көпшілігі жағажайда аунап, кітап оқығаннан басқа ештеңе де істеген жоқ қой. Тамақтану үшін еңбек сіңірмесе де, белгілі уақытта тамақтану керектігіне сенімді. Калифорниядағы үйіме қайтып келе жатқанда, кемеде де әлгі көрініс қайталанып, адамдар асхананың ашылар сәтін тағатсыздана күтіп жүрді.

Келешектің дәрігері дәрі бермейді, адамдарды жағымды тамаққа мүдделі етеді.
Томас Эдисон


Пол Брегг,
өмірді ұзарту жөніндегі маман.

6 пікір

ardak1996
Бірақ біз осы жайттарды ескере бермейміз-ау
Шыдамсыздана күткен сол адамдар шынымен-ақ аш па? Қалай аш болады? Көпшілігі жағажайда аунап, кітап оқығаннан басқа ештеңе де істеген жоқ қой. Тамақтану үшін еңбек сіңірмесе де, белгілі уақытта тамақтану керектігіне сенімді. Еңбекпен келген нан тәтті
Korkem
Тауып айттың, адамдар құлыққынның құлы боп барама қалай өзі…
Erlan
Айналайын сонда адамдарды тамақтанудан тию керек деген пікір айтасыңба әлде мен түсінбедім ба? Ақырзаман боларда адамзат баласының тамақтануға да қолы тимей тоқтықтан өледі деген бар еді, жоқтықтан емес, бейбіт жақсы ғұмыр сүргесін дұрыс тамақтанған, жақсы тамақтанған жақсы ғой солайма әлде…
Korkem
Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің. Өмірден салауатты болып өтуге кез келген адамның қақысы бар. Мәңгі ашық демеймін, тым болмаса ораза ұстарсыз…
Liberal
материял ұнады! алда тағы қызықты материлдар күтеміз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.