Beeline мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған такси қызметін ұялы байланыспен қамтамасыз етті

«КаР-Тел» ЖШС (Beeline сауда белгісі) Алматы қаласындағы «Мүгедектер таксиі» жобасының мобильді операторы болды.
Мүгедектер үшін тегін такси қызметі 2011 жылдың аяғында Алматы қаласы әкімдігінің Әлеуметтік қорғау департаменті және Мемлекеттік коммуналды автомекеме қолдауымен жүзеге асырылды. Биылғы жылдың басынан «Мүгедектер таксиі» қызметінің барлық арнайы автокөліктері мен диспетчерлері тұрақты түрде Beeline ұялы байланысымен қамтамасыз етілді.
«Арбаға таңылған мүгедектер қоғамдық көлік қызметін пайдалана алмайды, сол себепті олар төрт қабырғада қамалып отырады. Енді арнайы автокөліктер арқылы мүгедектер қала ішінде шаруаларымен жүре алады, яғни барынша толыққанды іс-әрекет жасай алады. Алайда, такси қызметі тұрақты телефон байланысынсыз мүмкін емес. Біздің жобаның толыққанды жұмысын қамтамасыз етуіне үлкен үлес қосқан Beeline операторына алғысым шексіз», — дейді Алматы қаласының жедел медициналық қызметі МКАМ директоры Александр Дешевых.
«Мүгедектер үшін такси қызметі аса қажет, сұранысқа ие қызмет. Beeline осы әлеуметтік жобаның серіктесі ретінде арбаға танылған адамдарға пайдалы бола алғанына қуаныштымыз. Beeline желісі қала ішін кеңінен қамтып қана қоймай, сонымен қатар оның сыртында да сапалы байланысты камтамасыз етеді, сол себепті «Мүгедектер таксиі» қызметін пайдаланушылар Beeline байланысының осы артықшылығын ұтымды пайдаланатынына сенімдіміз», — дейді «КаР-Тел» ЖШС-ның PR-менеджері Анар Жұмағұлова.
«Мүгедектер таксиі» қызметіне 7 777 315 58 10 нөмірі арқылы немесе Алматы қаласының аудандық емханаларының телефондары бойынша тапсырыс беруге болады.

5 пікір

beko
Мынау бір сауабты іс екен. Қайырлы, оң болсын істеріңіз…
Осындай шаралар көбейе беруіне тілектеспін.
Айтып кеткен екен гой
«Адамдарға үйретудің жолы, оларға ақиқат пен қайырлы істен мысал келтірген жөн немесе өзіне керегіңді оларға күштеп мәжбүрлеу, берекелі болмас..»
MSHERIMBEK
Тамаша! Алдағы уақытта Билайнға тек сәттіліктер тілейміз:)
Kokbori
Жарайсың Билайн)))
Beeline_kz
Барлыктарынызга ыстык тiлектерiнiЗге рахмет Алла разы болсын
Beeline_kz
Пікір жазғаныңызға алғысымды білдіремін. Мұндай игі шаралар әзірге тек Алматы қаласында ғана жүзеге асырылды. Алла жазса, алдағы уақыттарда тағы да бірнеше қалаларға, ал ақырында инфо такси қай қалада бар сол қаланы қамтуға тырысамыщз. Бұл алдағы уақыт еншісінде.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.