Beeline абоненттері «СМС-ағаш» жобасын қолдау үшін 5000-нан астам смс жіберді

«КаР-Тел» ЖШС (Beeline СБ) мен PosadiDerevo.kz Қоғамдық бірлестігі республикалық «СМС Ағаш» науқанының аралық нәтижесін хабарлайды. Бұл науқан барысында әрбір Beeline абоненті қазақстандық қалаларды көгалдандыруға өз үлесін қоса алады. Бүгінгі таңда науқанның 111 қысқа нөміріне 5000-нан сатам СМС келіп түскен.
Жоба іскен асқан бірінші қала – Алматы болды. Қала әкімшілігімен келіскеніміздей 2011 жылғы қазан айында Қазақстанның оңтүстік астанасында науқан аясындағы бірінші аллея бой көтерді. Тимирязев пен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы кішігірім саябаққа жұмсалған барлық қаражатты Beeline абоненттері жинады.

«Басында біз тамыры ашық көшеттерді сатып аламыз деп ойлағанбыз. Олардың бағасы – 500-ден 1000 теңгеге дейін. Бірақ қалалық әкімшіліктің жобасымен біз үш метрлік 40 емен ағашын отырғыздық. Оның біреуінің бағасы көшеттікте – 5 000 теңге, ал жеткізгені 30 000 теңгеге шықты. Аллея еріктілер мен Beeline абоненттерінің күшімен отырғызылды. Сонымен оның бюджеті 230 000 теңгені құрады»,- дейді PosadiDerevo.kz Қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дәурен Жолдасбаев.

«Тамыры жалаңаш көшеттер осы көктемде Алматы қаласының төменгі бөлігіндегі аудандардың бірінде отырғызылады. Екі жүзден астам терек, қара ағаш, мүмкін үйеңкі де отырғызылады деп жоспарлануда. Ағаш отырғызуға 5-тен астам СМС жіберіп, соның арқасында бір көшеттің құнын төлеген барлық Beeline абоненттері шақырылады. Оған қоса, науқан қорытындысы бойынша СМС-жобаның Топ-10 ең белсенді қатысушыларының қатарына кіргендер сыйлықтармен марапатталады. СМС арқылы жиналған қалған қаражат басқа қалаларды көгалдандыруға жұмсалады. Тізім бойынша келесі кезекте – Қарағанды мен Астана тұр», — деді «КаР-Тел» ЖШС-ның PR менеджері Анар Жумагулова.

Естеріңізге сала кетсек, науқанға қатысу үшін жай ғана 111 нөміріне бос СМС (құны 100 тг) жіберуіңіз керек. Науқан барысында жиналған барлық қаражат тиынына дейін ағаш отырғызуға жұмсалады. Нақты нөмірден жіберілген әрбір СМС туралы деректер (нөмірдің соңғы төрт саны көрсетіледі) PosadiDerevo.kz сайтында жарияланады.
Науқанға қатысудің екінші жолы — PosadiDerevo.kz сайтына тіркеліп, сол тіркелген кезде келген бірегей кодты СМС-хабрламамен жіберу. «Жеке кабинеттен» жіберілген СМС-тің санына байланысты болатын көшеттің «биіктігін» қадағалап отыруыңызға болады. Бес СМС жіберген (жалпы сомасы 500 тг болатын) науқан қатысушысы бір көшеттің отырғызылуына кететін қаражатты толықтай толейді, егер қаласа, 2012 жылғы сәуір айында жоспарланған жаппай отырғызу науқанында өзі отырғыза алады.

4 пікір

yerbol89
Өте игі іс жасап жатыр екенсіздер! Қазақта: Атадан мал қалғанша, талқалсын!- деп бекер айтпаған ғой. Істеріңізге сәттілік.
Beeline_kz
Рахмет Ербол бауырым. Пікірің өте орынды. Атадан мал қалғанша, тал қалсын. Құптаймын.
MSHERIMBEK
Бәрекелді:) Ойда жоқ қызық та пайдалы нәрселер жасап жүресіздер:) Табыс тілеймін. Еліміз көгере берсін:)
KILYZAMAN
Неткен жанға жағымды жаңалық өзі… Әліде талай-талай игі істерге мұрындық болатындарыңа сенімім мол!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.