Жолыңды бізден тап! (Ашық байқау)

Біздің орталық бойында ерекше таланты бар өнерпаздарға (дәстүрлі музыка, эстрада (жеке, дуэт және топтық орындаушыларға)) ашық байқау жариялайды.

Inspire mediaБайқауға еліміздегі барлық облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының таланттары қатыса алады.

Байқаудың мақсаты (өнерпаздардың қарым-қабілеті мен мүмкіншілігіне қарай):

— жаңа дарындарды анықтау және талант­тарға, өзіндік ерекшеліктері бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға тиісті қолдау көрсету;
— таланттарға қолдау көрсетуге және олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау;
— өнер саласындағы жаңа толқындардың тың арнасын ашу;
— жастардың ұлт руханиятынан тәрбие алуына, олардың ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарымен танысуына ықпал ету;
— ел арасынан нағыз дарындыларды тауып, қазақ өнерін жаңа биіктерге көтеру;
— біз аспаған белестерге жетіп, халық музыкасын, қазақ атын әлемге паш ету;
— сауатты, білімді, талғампаз, жан-жақты өнерпаздардар тәрбиелеу;
— өнер жолында халықаралық додаларға түсіп, әлем назарын қазақ өнеріне аудару;
— біздің ұлттық музыка мен эстраданы қазіргі ғасыр талабын орындай отырып, әлемге өзінің ұлттық нақышын жоғалтпай таныту т.б.

Байқаудың басты талаптары:
— табиғи талант;
— қазаққа тән мінез-құлық, өнер адамына лайық болмыс;
— талғампаз, ізденімпаз, еңбекқор, ұқыпты, жинақы, тартымды, мәдениетті, әр істі ақылмен саралайтын, өнер жолында өз алдына ұлы мақсаттар мен талаптар қоя білетін, барлық жанмен тіл табысу, кез келген ортаға сіңісіп кету қабілетіне ие, барлық мәселені объективті ойлайтын, жауапкершілік пен тәртіпті жоғары бағалайтын қасиеттер;
— өмірлік миссиясын өнермен байланыстырған, өнер жолын таңдаған;
— қоғам үшін, қазақ өнері мен болашағы үшін еңбек етіп, тер төгуге бел шешкен ұлтжанды болуы тиіс.

Өнерпаз 16 жастан жоғары болуы тиіс.

Байқау мерзіміне (әзірге) шек қойылмайды.

Біз жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар шыққан нағыз таланттарды ғана іздейміз!

Байқау жеңімпаздары Орталықпен ұзақмерзімді келісімшартқа отырады
.

Байқауға қатысу үшін мына анкетаны толтырыңыз.
Қосымша сұрақтармен біздің орталыққа хат арқылы немесе телефон соғып байланысыңыз.
Толығырақ: Inspire media; Инспайр медиа

11 пікір

followme_alik
Жолын іздеген бірен-саран активист^таланттар да жоқ деш…
Inspire
Мүмкіндікті пайдаланбайтындар, жалпы, қоғамда көп қой…
Inspire
Достар, байқау әлі жалғасуда. Мына ақпаратпен таныс болыңыздар!
Kan
Мүмкіндігімді пайдаланайын деп едім. Өнерімді сынап анкетаны жібереалмайақ қойдым. Ауылда ғаламтор скорсы аз. Жалпы байқау ақылы ма?
Inspire
Ақысыз. Мына info@inspiremedia.kz поштаға жіберіңіз. Бірақ сайттағы анкетаныңшарттары орындалуы тиіс!
satirik92
Амансыздар ма? ал сатира фельетон жағынан жарыстар жоқпа?
Inspire
Аман, рахмет! info@inspiremedia.kz жіберіңіз шығармаларыңызды түйіндемеңізбен қоса.
Yasin
актерлік шеберлігі барларды ше, тек диплом жоқ ауылда кетпен шауып жүріп әртістерге породия салып үйренгенбіз
Inspire
:))))))
Yasin
мен бір жауап болар деп күтсем, Inspire күлгеніңіз не?
korwinin_kyzy
Тағыда басқа таланнтар керек емеспе? Донер жеуден жарыс например)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.