Шымқалалық Айтаберліктер назарына!!!! Жиналың!!! Жиналыың!!!

Салем бәріңе! Шымқалалықтар үшін жақсы жаңалығым бар!

Наурыз айының алтыншы жұлдызында барлық Шымкенттік Айтаберліктердің басын қосып, танысып,(БЛОГКЕМПКЕ келгенде қысылмас үшін) білісуіне мүмкіндік туайын деп тұр.
Қызықты әңгіме айтып, нәстраениелерің көтерілгісі келсе, Шымкенттегі Жастар Орталығына, 6 наурызда, сағат 11:00-де келіңдер. «Киностан.кз» сайтының жетекшісі Дінмұхамед Зиядинмен qusiq танысып, мазалап жүрген сұрақтарыңа жауап алуларыңа, қызықты тақырыптар қозғайсыңдар.
Сонымен қоса, «Mesqueunblog.kz» көрмесін тамашалауға болады. Шымқалалық блогерлер мен енді бастаушылар барлығың жиналсаңдар, тошно қызық болады. Комикс сүйетіндердің айы оңынан туады. Қазақстандық комиксті тамашалағыларың келсе Жастар Орталығына келіңіздер.
Іс-шаралар | Пресс-релиздер: Комикстен үзіндіІс-шаралар | Пресс-релиздер: Комикстен үзінді
Барған уақытта көрме туралы толық ақпараттануларыңыз үшін мына анонсты назарларыңызға үсынамын.

Жобада балалар ми сал ауруының ауыр түріне шалдыққан 18 жастағы Бақытжан Жұмановтың жарты жыл бойғы күнделікті өмірі комикс формасындағы репортаж ретінде берілген.

Жоба Қазақстандағы мүгедектік мәселесі туралы ақпарат беруге, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы оларға деген қоғамның қарым-қатынасына көп ретте тәуелді екенін аудиторияға түсіндіруге бағытталған.

Сомен, не ғой, келсеңдерші күтеміз сендердіі. Танысайық, көрейік, жақын араласайық…

3 пікір

ZevsKO
Анау суреттегі орысша версиясы. Көрмеде қазақша комикс көрсетіледі.
Korkem
Посттың жазылғанын байқамаппын, өкінішті-ақ. Барамын деп бара алмадым осы көрмеге, тіпті ертесіне де(((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.