Домбыра Party: Алматы және Шымкент (16.04.2022)

Сәлем, достар! Астаналық «керекшілердің» бастауымен өтіп жатқан Домбыра Party Қазақстанның түкпір-түкпірінде болуы заңдылық. :)

Сөзді созбай, фейсбуктағы жазбаларды осындай салайын:

Nurzhol Tabigat:
Алматылық ағайын. Сейсенбі (16.04.2022) күні кешкі 19:00 Dombira Party-ға шақырамыз. Арамызда John Pannello. Қазақтың күйін, қара өлеңін сағынып жүргендер де бар болар. Ендеше, Республика Алаңындағы монументтың жанына жиналамыз. :)

Құрметпен,
Нұржол Табиғат

Sadyk Sherimbek:
Хұрмәтлі ханымла вә әпәнділә :) Астанадан башланған Домбыра чалмақ адатын бүгүн ла Чырайлық шәһәріміз Шымкенттә дауамлаштырмақ ниәтіміз вардыр ыхыххы, ойбай не деп кеттік, ұйғыр ағайындар шок боп қалған шығар :)
Иә, ощм, құрметті ағайын, Елордамыздан бастау алған осы бір дәстүрлі DOMBYRA PARTY шараcын Шырайлы қаламыз Шымкентте өткізсек деген ақ ниетіміз бар еді. Сондықтан, осы жердегі біраз, ақылы асқан, мерейі тасқан бауырларымызбен мәжіліс жасай келе ертең, яғни, Сейсенбі|Сешанбә|Вторник|Salı|星期二|Selasa|Jumanne 16.04.2022 күні сағат кешкі 20:00-де «Ордабасы» алаңының жоғарғы жағындағы «Тәуелсіздік» саябағында Шымкент қаласының үстінееен қараааап отырып, сұлу панорамадан ләззат алып өткізуді жөн көріп отырмыз. Домбыра тартатындар домбырасымен, ал жай ғана тартатындар былай келе беріңіздер :) Тәуелсіздік саябағының қақ төрінде тұратын әр ұлттың суреттері бар шеңбер кейпіндегі монументтің алдында боламыз :) Баршаңызды сонда күтеміз :)


Фейсбуктағы Домбыра Party парағы: www.facebook.com/groups/319847841473949/

Домбыра Тарту туралы білгіңіз келсе, мына парақтарды аралап шығыңыз: сілтеме

Астанадағы домбыра тартудан көрініс:

Іс-шаралар | Пресс-релиздер: Домбыра Party: Алматы және Шымкент (16.04.2022)

5 пікір

AL-ASTER
БАҚ арасынан BNews жазыпты: www.bnews.kz/kk/news/post/133683/
zhurttyn_balasy
Жарайсың амиго, жалпы барлықтарыңыз да жарап қаласыңдар :) іске сәт.
saryqazaq
Астанадағы патиді көріп Алматыда да болса ғой шіркін деп едім. Бірақ ертең ме бара алмайтын сияқтымын. Пати сәтті өтсін
AKA
Алғаааааа, тек қана алға! Бұйырса бізде де боп қалар деген үміт бар :)))
beko
Таныс жүздерді көріп, марқайып қалдым. Біздегі Домбыра пати, аяқ астынан сөз шығарып, әндеттік те, күйлерді де зырылдатты інішектер, одан соңына қарай дәстүрлі әндерді ай жіберді дейсің енді бір бауырымыз.
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.