Әрбір қадам басқан жерде және комиссиясыз

kaspi Bank бұған дейін хабарлағандай тегін төлем терминалдарын Алматыда орната бастады. Тұрғындар төлем аппараты арқылы несие төлеп, депозит пен kaspi.kz-тегі есеп-шотын толықтыра алады. Бұл өз кезегінде бөлімшелердегі кезек санын азайтуға ықпал етеді, әрі клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасын мен деп үміттенеміз. Мұнымен қатар, тұрғындар терминал арқылы ұялы телефонға тегін төлем жасай алады. Яғни, әдеттегі 30 теңгелік комиссия алынбайды. Біз бұл тегін әрі ыңғайлы қызметтің қазақстандықтар көңілінен шығарына сенімдіміз!

«Бұл жоба біздің бизнеске деген бағытымызды көрсетеді.Біз нарыққа кіріп, өзгертеміз – дейді Михаил Ломтадзе. Бұрын ұялы төлем үшін комиссия алынатын. Енді біз бұл қызметті қазақстандықтар үшін тегін жасадық. Жақын арада бүкіл елеміздің аумағында kaspi терминалдарын көре аласыздар. Бұл нарықтағы басқа ойыншылар бұл үшін бізге «соғыс» ашып, терминалдарымызды бүлдіреміз деп айбат көрсетуде. Алайда біз, бүлінген біреудің орнына екеу қоямыз. «Соғысқа» жауап «соғыс».

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!