Shymkent Table Tennis Open 2014

Бүгін 21 ақпан күні сағат 11.00-де «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында үстел теннисінен «Shymkent Table Tennis Open – 2014» турнирі өтті.
Турнирге барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 60-қа жуық қатысушы қатысқан турнир тартысты өтті. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Жас Отан» ЖҚ Кубогымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Ерлер арасында:
1-орынды Алтай Азамат;
2-орынды Тұрғын Бақытжан;
3-орынды Ассанди Аят;
Қыздар арасында:
1-орынды Эшанкулова Мухтабар,
2-орынды Әбдіраш Айсана,
3-орынды Абдрахманова Алима
Бауыржан Молдабеков, ОҚОФ «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы: Турнирді ұйымдастырудағы мақсатымыз, «спорт» арқылы жастардың басын біріктіру, достыққа және спортпен шұғылдануға шақыру. Міне, біз осы айда іске асыруды бастаған «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында жыл соңына дейін әліде көптеген спорттық іс-шаралар ұйымдастыратын боламыз.














0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.