Beeline Бірінші Жастар форумына қолдау көрсетті

«КаР-Тел» ЖШС (Beeline СБ) Алматы қаласының студенттік бірлестіктерінің бірінші Жастар форумына қолдау көрсетті.

Форум Сатпаев атындағы Қазақ Политехникалық Университетінде өтті. Оған Алматы қаласының 40 студенттік бірлестіктерінен 250-ден астам мүшелері қатысты. Форум аясында тренингтер, студенттік фото жұмыстардан шағын көрме, дөңгелек үстел және бос жұмыс орындардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Beeline аталмыш шараныңұйымдастырушыларын тегін Ғаламтор мен мобильді байланыспен қамтамасыз етті және форумның белсенді қатысушыларына сыйлық ретінде USB-модемдер берілді.

«Үлкен өмірге қадам басқан жастарға қашанда алғашында оңай емес. Біздер белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие боламыз. Бірақ, ойларымызды жүзеге асыру барысында қиындықтарға кезігіп, көбіне неден бастау керек екендігін, алдымызда тұрған сан сауалдардың шешімін таба алмай қиналамыз. Біздің форумның басты мақсаты — Алматы қаласының белсенді жастардың басын біріктіру, тәжірибе алмасу, жаңа бірлескен жобаларды дамыту. Beeline-ның қолдауының арқасында, біздер Форумды жақсы деңгейде өткіздік және бұл шара келешекте дәстүрлі өткізіліп тұрады деген сенемдеміз»- деп атап өтті өз сөзінде ұйымдастырушылардың бірі және «ОИН» студенттік бөлімшенің президенті Қасымбек Тулемисов.

«Білім саласына қолдау көрсету – Beeline компаниясының әлеуметтік корпоративтік қызметі аясындағы дәстүрлі бағыттарының бірі. Мұндай аталмыш форумдарды өткізу студент жастардың өзін-өзі танып қана қоймай, қоғамның белсенді мүшесі болуға бағыт-бағдар көрсетеді деген сенімдеміз» — деді Қазақстандағы Beeline PR-менеджері Анар Жумагулова.

3 пікір

qyrmyzy
мында да демеуші бола аласыздар ма?
MSHERIMBEK
Тамаша))) Жиі жазып тұрыңыз! Интернеттегі белсенділіктеріңіз жақсы әйтеуір:))) Сәттілік
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.