Қарттары бар ел қазыналы !


Бұл орайда ЖасОтандықтардың «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы баршаға үлгі, рухани тәрбиеге бай деп айта аламыз. Жоба Маңғыстау облысындағы көптеген ардагер ата-әжелерімізге көмек қолын тигізді.
Іс-шаралар | Пресс-релиздер: Қарттары бар ел қазыналы !
Іс-шаралар | Пресс-релиздер: Қарттары бар ел қазыналы !
Іс-шаралар | Пресс-релиздер: Қарттары бар ел қазыналы !
Сондай қайырымды жұмыстың бірі 19 қаңтар күні Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ ауылының тұрғыны, ардагер Қонашев Дауылтай атаға жастар көмек көрсетті. Ерікті жастар ардагердің ауласын тазартып, қоқыстарын шығарып, темір — терсектерді жинақтап көмектесті. Ауладан 8 қап қоқыс, бірнеше тал сынықтары шығарылды.

Қонашов Дауылтай ата – 1923 жылы 6 желтоқсан күні дүниеге келген 91 жастағы жалғыз басты ардақты азамат. Соғыс жылдарында талай қасіретті бастан өткізген ақсақал, енді ондай соғысты болмауын тілейді. Көмекшісі жоқ қария жастардың келіп, көмек көрсеткеніне риза болды. «Маған келіп, жастардың әңгімелесіп қал жағдайымды сұрағанының өзі қуантады» — деп қуанышын жеткізген ата, ақыл кеңесі мен ыстық лебізін аяған жоқ. Жастар да өз кезегінде биылғы жеңістің 70 жылдығымен құттықтауларын жеткізді.


Қарияларымызды құрметтеп, ардагерлерімізді ардақтап жүрейік.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.