«Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Медикер» компаниясымен бірге «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне дәрі-дәрмек сатып алды.

«Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Медикер» компаниясымен бірге «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне дәрі-дәрмек сатып алды.

Іс-шаралар | Пресс-релиздер: «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Медикер» компаниясымен бірге «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне дәрі-дәрмек сатып алды.

2015 жылғы 29 сәуір күні «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Медикер» компаниясымен бірге «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысының 6 ардагеріне дәрі-дәрмек сатып алды.
Облыстағы «Жастар Отанға!» еріктілер топтары ҰОС ардагерлері арасында дәрі-дәрмекке мұқтаж ардагерлерді анықтап, «Медикер» компаниясымен бірге дәрі-дәрмек сатып алу жұмыстарын ұйымдастырды.
Жалпы облыс бойынша, 150 еріктіні біріктіретін 15 «Жастар Отанға!» еріктілер топтары жұмыс жасауда. Олардың көмегімен 453 ҰОС ардагерінің өмір сүру жағдайы зерттелді. 70 Ұлы Отан соғысы ардагеріне үй шаруашылығында көмек көрсетілді. 10 ҰОС ардагеріне медициналық көмек көрсетілді. Еріктілердің күшімен kaharman.kz сайтына облысымыздан шыққан, 52 Кеңес Одағы батыры және 8 Даңқ орденінің толық кавалерлері туралы ақпарат жасақталды. «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне маусым айының соңына дейін «Медикер» компаниясы тегін медициналық көмек көрсетеді.
Іс-шаралар | Пресс-релиздер: «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Медикер» компаниясымен бірге «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне дәрі-дәрмек сатып алды.
Шымкент қалалық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы, Нұрдаулет Жұмабаев:
«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері тарапынан Ұлы Отан соғысының, еңбек және жалғыз басты ардагерлеріне тұрақты түрде көмек көрсетіліп келеді. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі – Ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.