Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған "Жеңіс Рекорды" патриоттық-спорттық акциясы өтті.

Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған «Жеңіс Рекорды» патриоттық-спорттық акциясы өтті.

Іс-шаралар | Пресс-релиздер: Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған Жеңіс Рекорды патриоттық-спорттық акциясы өтті.

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы және «XIII Legion» салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Әл-Фараби алаңында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жауынгерлік және еңбектегі жеңістері үшін қазақстандықтардың мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында еліміздегі теңдессіз «Жеңіс Рекорды» спорттық-патриоттық акциясын ұйымдастырды. Акция барысында 70 000 отжимания жасалынды. Бұл патриоттық акциясын өткізу арқылы, Ұлы батыр аталарының ерлігіне жастардың құрметін көрсету болып табылады.
Акцияға Шымкент қаласының әкімшілігі, «Шымкент жастары» КММ-сі, «Sky picture» компаниясы, «April» жарнама агенттігі және «Жас Бүркіт» жастар ұйымы белсенді түрде өздерінің номерлерін көрсетіп қолдау білдірді.
«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында фашизмді жеңген Ұлы Жеңіске қолжеткізудегі халықтың батылдығы мен ерлігі және қазақстандықтардың қосқан үлесін насихаттауға бағытталған шаралар кешенін іске асырып келеді.

Іс-шаралар | Пресс-релиздер: Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған Жеңіс Рекорды патриоттық-спорттық акциясы өтті.
Өткізілетін іс-шаралардың басты мақсаты – қазақстандықтардың патриоттық көңіл-күйін, аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі жеңістері үшін мақтаныш сезімін, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуге, қазақстандықтардың жұмылуын және рухани бірлігін нығайтуға ықпал етеді.
Акцияның маңызы әрбір адам өзінің ризашылығын Ұлы Отан соғысы үшін тер төккен ардагерлерге білдіру болып табылды. Жыл сайын біздің қатарымызға қосылатын патриоттар көбейетініне сенімдімін. Бұл деген сөз біз ардагерлердің көзіне қарауға ұялмаймыз. Себебі, 70 жыл бұрын олардың арқасында аман қалған мемлекет сенімді қолда.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.