Құрметті еріктілер және біздің ардагерлерге жаны ашитын азаматтар!

Іс-шаралар | Пресс-релиздер /
Осы кезге дейін Сіздер бізбен біргесіздер, барлық уақытта бізге көмектесіп келе жатырсыздар және Сіздердің көмектеріңіз болмаса, біз қызметімізді толық жүзеге асыра алмас едік.

«ҰОС ардагерлері Кеңесі, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары» ҚҚ Сіздерге ардагерлеріміздің әл-ауқаты мен денсаулығын нығайту бағытында көптеген шараларды өз деңгейінде атқарып келе жатқанынан хабардар етеді. Алдымызда келе жатқан Құрбан Айт мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған ардагерлерді құттықтау мерекелік акциясына атсалысуға шақырады.
Қаламыздағы мешіт өкілдері осы күндері бізге ардагерлерге табыстау үшін мерекелік азық-түлік беруге дайын. Сондықтан бізге Сіздердің көмектеріңіз, қолдауларыңыз қажет болып тұр.
24-25 қыркүйек күндері кімде-кім бос болса және бізге көлікпен көмектесуге ынта-ықыласын білдірсе, мына мекен-жайда қуана күтеміз: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 62 үй, 1 пәтер, Жамбыл көшесінің қиылысы.
Сондай-ақ, Сіз көлікпен көмектесуге және мешіттен етті жеткізіп беруге дайын болсаңыз, онда мына телефон нөмірлері арқылы кезекші Еріктіге қоңырау шалуыңызға болады: +7 707 705 78 50, +7 777 705 78 50 немесе қалалық телефонға: 354-32-08, 354-32-09 (Дамир).

www.facebook.com/SovetveteranovVOV

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.