Ustudy.kz - білім беру жүйесіне енген ең ірі көлемді инвестиция

Ustudy.kz порталы Қазақстанның барлық аумағын қамтитын кең көлемді заманауи компьютерлік тестілеу орталығын ашуды жоспарлап, білім жүйесіндегі инфрақұрылымды 3 жыл бойы 10 миллион долларга қаржыландырып келеді. Бұл тәуелсіздік тарихындағы білім беру жүйесіне енген ең ірі көлемді инвестиция.

2009 жылы Қазақстанда Ustudy.kz порталы және онлайн тестілеу орталығы ашылды. Технологиялық мүмкіндіктер, бірегей контенттер және бірізді сараптамалар нәтижесінде мыңдаған оқушылар емтиханға жоғары дайындықпен баруға қол жеткізді.
2015 жылы білім шеңберінде құрылған жаңа онлайн-жобаны одан әрі дамыту үшін инвестиция тартылды.
— 6 жыл бұрын біз бұл жобаны әдеттегі мектеп тақтасын сатып алудан бастадық және мектептің оқытушыларына өз сабақтарын бейне-таспаға жазуға өтініш жасаған болатынбыз. Ал, қазіргі күні біздің серіктестеріміз 3 жыл көлемінде 10 млн доллар қаржыны жобаның физикалық инфрақұрылымын дамуы үшін бөлді. Осындай маңызды жоба білім жүйесі үшін ауқымды инвестиция болып табылады,- деп пікір білдіреді жаңа айналымдағы компанияның Ustudy.kz бас директоры Жанат Рахмани. – Бұл инвестиция бірегей мағынаны қамтиды. Алдымен, тұлға дамуының ресурсы орындалса, еліміз үшін – теңдесі жоқ ішкі әлеуметтік қор болатынына сенім білдіремін.
2015 жылы Ustudy.kz порталында меншікті инфрақұрылымның ауқымды өсу кезеңі басталады. 2017 жылға дейінгі 2 жыл аралығында Қазақстанның ең ірі қалаларында 50 компьютерлік тест орталығы ашылады деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде, компания мектептегі білім жүйесінің ең ірі жеке операторы бола отырып, мектеп оқушыларын ҰБТ-дің (алдын ала сынама түріне) және өзге де емтихандармен дайындаумен айналысады.

-Жан-жақты қамтитын әмбебап білім саласында біз жаңа инфрақұрылым құруды қалаймыз. Алдымен, біздің барлық орталықтар 5-11 сынып оқушыларының өз білімдерін жетілдіретін, ҰБТ-ден бастап, КТА-дан аяқталатын кез-келген сынама тесттерге үздік инновациялық технология арқылы дайындайтын және орталықтан өздеріне қажетті қолдау табатын достыққа құрылған мәдениет орталығы болу керек деген мақсатымыз бар,- дейді Ustudy.kz-тің бірінші орталығының директоры Жанна Копбаева.

Компьютерлік Тестілеудің бірінші Орталығы Алматыда ашылды. Ғимараттың әрлеу жұмысына еліміздегі «Арыстан Групп» жобалық тобының үздік дизайнері Дастан Бисен атсалысты. Дизайнер Дастан Бисеннің үйлестіруінен туындаған дәрісханаларда оқушылар емтиханға жаңаша бағытта дайындалатын болады. Ustudy.kz-тің бірінші орталығында Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалихановтай арыстарымыздың суреттері, сөздерімен бейнеленген. Бұл өз кезегінде оқушылардың білімге ұмтылуына дем береді. Ustudy.kz мамандары Қазақстанның бай мұрасын білім әлемімен біріктіріп, оны ғаламторға қосылған кез-келген оқушыға қол жетімді етеді.
— Біздің табысымыздың өлшемі — оқушылардың емтихандарға дайындық сапасына жақсартумен, Қазақстандық зияткерліктің төмендеуі және мектептегі білімнің өсу деңгейі арасындағы шеңберге байланысты, — дейді бас директор Жанат Рахмани. – Біз Білім және Ғылым министрлігіне, Ұлттық Бірыңғай Тестілеу Орталығына және жергілікті білім басқармаларына, әкімшілікке қолдау көрсеткендері үшін, жобаның дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.
Ustudy.kz-тің кез-келген орталығында оқушылар сынама тест тапсырып, өз білімін тексеріп, сараптамадан өте алады. Қазақстанның алдыңғы қатарлы, кәсіби-білікті оқытушыларынан қазақ тілінде бейне-дәрістер алуға мүмкіндіктері де бар. Сонымен қатар, оқушыларға жеке дайындықтан өтіп, ұстаздардан кеңестер алып, жаздық кампустарға да (белсенді дайындық, жайлы демалыспен қамтылған) қатысуларына болады.
Жыл соңына дейін Ustudy.kz Алматыдан тағы екі орталық ашып, 2016 жылы өзге облыстарға орталықтар ашуды жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі
Ustudy.kz орталығы ақпараттық-сараптама орталығының директоры
Бота Жуманова
8 701 223 87 85
8 707 223 87 85
[email protected]

Компанияның тарихы 2009 жылы онлайн тестілеу орталығынан басталды және Ustudy.kz атауы берілді. Компания Ұлттық Бірыңғай Тестілеу Орталығының ресми серіктесі.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.