Cубсидияланатын пайыздық мөлшерлеме 6-9% болмақ

ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы «Бабык Бурлук» ЖШС-да өткен республикалық кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов бірқатар ұсыныстар жасады.

Айталық, ҚР АШМ кредиттер бойынша субсидияланатын пайыздық мөлшерлемені 7%-дан 10%-ға және техника мен малға арналған лизингті 10%-дан 13%-ға дейін көбейтуді ұсынады. Егер қазіргі кезде пайыздық мөлшерлеме 19% болғанда, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер пайыздық мөлшерлеменің 9-12 %-ын төлеп келген болса, енді келешекте олар 6-9%-ды төлейтін болады.
Сондай-ақ Жоспарда мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайту мақсатында мемлекеттің кепілдігімен халықаралық қаржы ұйымдарының, оның ішінде Ислам даму банкі мен Европаның Жаңғырту және Даму Банкiнен заем қаражатын тарту көзделген.

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!