Beeline абоненттері 8-ші наурыз күні 6000 астам ағашты құтқарды.

«КаР-Тел» ЖШС-і (Қазақстандағы Beeline бренді) 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні желінің іркіліссіз жұмыс істегені жөнінде хабарлайды. Осы мерекелік күн дауыстық трафик пен SMS және ММS санының бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткішімен ерекшеленді.

Жылда Халықаралық әйелдер күні ұялы байланыс желісіне салмақтың күрт артуы байқалады. Басқа да мерекелік күндердегі сияқты трафик қоңыраулар мен құттықтаулары бар SMS-хабарламалар есебінен бірнеше есеге ұлғайды. Биылғы жылы 8 наурыз күні жіберілген SMS және ММS -хабарламалар саны 12 миллионнан асты, яғни бұл — күнделікті орташа көрсеткіштерден 4 есеге артық. Ал жасалған қоңыраулар саны 2012 жылдың алғашқы түнінің дауыстық трафигінен де асып түсті. 8 наурызда, жалпы алғанда, 60 миллион қоңырау шалынды, ол жаңажылдык көрсеткіштен 20 пайызға артық. Beeline желісі де салмақтың бұлайша күрт түсіуне сыр бермеді, ешбір іркілістер тіркелген жоқ.

«Beeline-ның әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралар мен экологиялық жобалар болып табылады. Мобильді байланыстың мүмкіндіктерін пайдалану біздің де абоненттерімізге табиғатты қорғауға айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік беретініне қуаныштымыз. Егер құттықтау сөздері бар әрбір SMS және ММS–хабарлама 1 құттықтау ашықхатының орнын ауыстырады деп есептесек, онда Beeline абоненттері осы күні 120 тоннадан жоғары қағазды үнемдеді, демек — 6000-нан астам ағашты құтқарды», — дейді Beeline-ның PR-менеджері Анар Жұмағұлова.

5 пікір

qyrmyzy
Beeline абоненттері осы күні 120 тоннадан жоғары қағазды үнемдеді, демек — 6000-нан астам ағашты құтқарды
хмм, мынадай теңеуді бұрын-соңды естімеппін.
Тақырыбы қызықтырып еді "қалайша құтқарады?", «Мүмкін отырғызған шығар. Орыстілді журналистері/PR менеджерлері жаза салды ма?...» деген неше түрлі ойлар кетіп еді…
Сәттілік!
dimash
соны айтам))) мен де бір 6000 ағашты буквально құтқарған екен деп оқысам)))
Yasin
мынауың қудығой мен ойлаппын абоненттер ағаштын өрттен құтқарған екен деп өртенген ормандар қаншама құтқаршыш болса соны неге құтқармайды абоненттреі көп болғанына жыртыла бергенше
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.