Beeline Алматы қаласының ішкі істер департаментімен бірлесіп әйелдерді 8 наурыз мейрамымен құттықтады

«КаР-Тел» ЖШС-ы (Beeline сауда белгісі) 8 наурыз — Әйелдердің халықаралық күніне орай «Мобильді этикет немесе әйелдерді 8 наурызбен құттықтаймыз!» атты шара ұйымдастырды.

Алматы қаласы бойынша Жол полициясы басқармасының патрульдік қызметі төрт автокөлікпен қаланы бақылау кезінде ережені бұзушыларға хаттама толтырудың орнына басқаша әрекет етті. Жол полициясы қызметкерлері Beeline өкілдерімен бірге әйелдерге гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті. Осы шараға арнайы дайындалған «Мобильді этикет», оның ішінде рульдегі қауіпсіздік негіздері туралы ақпарат көрсетілген құттықтау ашық хаттары қосымша табыс етілді.
«Алматы қаласында жарты миллионнан астам көлік құралдары тіркелген. Сонымен қатар, қалаға басқа аймақтардан осынша мөлшерде көліктер келеді. Бұл біздің мегаполисіміздегі жағдайды өте қиындатады. Beeline бастамасымен осы мерекелік күні біз құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараны өткіздік. Осы шара барысында көрестілген ілтипат пен табыс етілген гүлдер әйелдерге қуаныш сыйлап қана қоймай, автокөлік басқару барысында мобильді телефонды пайдалануға тиым салынғанын тағы бір мәрте еске салуға себеп болғаны анық», — дейді Алматы қаласының ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы Арман Сарбасов.
«Beeline көктем мерекесіне орай тосын сыйды пайдалы іс-шарамен ұштастырды. Біз Алматы қаласы бойынша Жол полициясымен бірлесіп Оңтүстік астана әйелдерін құттықтап қана қоймай, автокөлік басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесіне көңіл аудартуға тырыстық», — дейді Beeline-ның Қазақстандағы PR-менеджері Анар Жұмагұлова.
Аталмыш іс-шара Beeline-ның «Мобильді этикет» әлеуметтік жобасы аясында өткізілді. «ВымпелКом» ААҚ және «Нейроком» мемлекеттік емес мекемесінің зерттеулер қорытындысы бойынша көлік басқару кезінде мобильді телефонды пайдалану жол апаты ықтималдығын төрт есе арттырады, жол апаттарының 27% телефон пайдалануға байланысты. Рөлде сөйлесу адамдың реакциясын 300 миллисекундке тежейді, бұндай жағдайда көлік басқару екінші кезектегі мәселе ретінде қарастырылады.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.