«Реал» мұсылман-жанкүйерлер үшін клуб эмблемасын өзгертті

Жасыл алаң жаңалықтары /
Испан футбол клубы «Реал Мадрид» мұсылман-жанкүйерлері үшін 1920 жылдан бері келе жатқан крест белгісін алып тастауды ұйғарды. Аталған кресті Испания королі Альфонсо XIII өзінің клубқа деген қамқорлығы ретінде сыйға тартқан болатын. Клуб басшылығының айтуынша, мұндай қадам Еуропалық және Таяу Шығыс мұсылмандары арасында »Реалдың» танымалдылығын нығайту үшін жасалған.



Крест мәселесі жайлы пікірталас наурыз айының соңында, нақтырақ айтқанда БАӘ елінде Real Madrid Island Resort туристік орталығының іргетасына алғашқы тас қойылғаннан кейін туған болатын. Реал Мадрид клубының басшылығы мен әмірлік басшысы шейх Сауд бин Сакр аль-Касимидің қол қойған келісім-шартқа сәйкес испан клубы өз эмблемасынан крест белгісін алып тастауға міндетті-міс.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын тағы бір испандық футбол клубы — »Барселона» Катарда орналасатын демеуші қорының талабына сәйкес өз эмблемасындағы крестен айырылған болатын.

Ендігі кезек италияндық клубқа да жетуі мүмкін. „Милан Интер“ клубының 100 жылдық мерейтойына орай жасалған эмблемасына (ақ фонға қызыл крест енгізген) қарсы италияндық клубқа наразылық білдірмек оймен Барис Каска атты түрік адвокаты UEFA-ға шағымданды. Адвокаттың шағым беруінің себебі аталған эмблема мұсылман қауымына «крест жорығына қатысушылардың таңбасын» еске салады-мыс.

«МАССАГЕТ» САЙТЫНАН

2 пікір

saiynov
дұрыс істепті неболсада, негізі Реал Мадрид командасының сапында мұсылман ойыншылар да жеткілікті сиякты!
kuka097
дұрыс айтасың
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.