Қасіретті 7 күн (Барселона)

Жасыл алаң жаңалықтары /

Барселона ФК бір аптада өзі үшін ең маңызды трофейден айрылып қалды. Бұл клуб үшін өте қымбатқа түсердей болды, бапкер маусым соңында өзінің қызметінен кететіндігін айтып өтті. Осының барлығы бас аяғы бір аптада (17-24 сәуір) орын алды.
17 сәуір. Чемпиондар Лигасы 1/2 финал. Бірінші ойын: Челси — Барселона 1-0
22 сәуір. Испания чемпионаты 35 тур. Барселона — Реал Мадрид 1-2
24 сәуір. Чемпиондар Лигасы 1/2 финал. Жауап ойын: Барселона — Челси 2-2
пеп кетіп жатырДәл осы нәтижелерден кейін Гвардиола кетуге шешім қабылдады. Енді Пепке Англия құрамасы және Англия премьер лигасының бір клубы бұйырып тұрған шығар. Ал, Пептің орнына алғашында Луис Энрике, Марсела Бьелса үміткер болып отырған, ал кейін келе Тито Виланованың бапкер болу ықтималдығы сөз болып кетті. Енді, не болса да Барса ойыншылары Титоны қолдап отыр, Барсанын туы әлі-ақ желбірейтінін айтып жатыр.
Ал, түнеу күні Барса Райо Валеканоны ойсырата жеңіп, Пепке сый етті. Месси дубль атанып, Роналдуды қуып жетті.
Барсафандар, дегенмен, бәрі алда, еңсені түсірмеңіздер!





18 пікір

mrkmbai
Әй барсафанддарга обал ақ… Арты қайырлы болсын! Ендігі жылы топтан шыға алмай қап журмесеңдер болды! Барсаның дәуреніде біттііі… Енді Бавария Еуропаны дүрілдететін болады!
torpedaip
әй сол барсанын дәуірі бітпесе екен деп Құдайдан сұрап отырмыз, десек те барсанын жанкүйеріміз го
mrkmbai
мангілік ештеме жоккой бауырым! арнарсенін өз уақыты болады! сол уақыт барсада біткен тәрізді…
beko
Бір жағынан келісім шартының уақыты біркен емес пе?
Одан футболшылары қалдырып қалудың амалын жасапты(ақша).
torpedaip
Бәке бұл жерде ақша маңызды роль ойнамайды, абыройы бар кезде басқа клубқа өтуді жөн көрген ғой
ZaMaNbEk
Бұл жылы жолдары болмады деп, Барсаның дәуірі бітті дей қоюға болмас, мүмкін келесі жолы ұтып қалар, бұнымен өмір тоқтап қалмайды ғой…
torpedaip
Зәке сізге толық қосыламын
yerbol89
Барсалонаға сенемін. Пеп-ті Барсолона жерге қаратпас, Пеп мақтанып жүретіндей жағдайға жеткізеді әлі-ақ Барса. Орнынан келетін Тито да Пептің шәкірті ол да команданы алға сүйрейді деген сенімдемін.
torpedaip
Ия, Ереке қосыламын. Бір мысал, кешегі Райо Валеканомен ойында Барсанын 7-0 есебімен жеңгені. Бұл Пепке ұлкен сый болды ау.
yerbol89
Әлгі ЭлКлассикода барлығы Барселонаны сызып тастаған еді, Артынша сол Реалды Бавария өздерінің алаңдарында сан соқтырып кетті ғой. Пеп-тің өзі айтқандай биыл бұл біздің жыл болған жоқ, себебі 4 жыл қатарынан алда болу өте қиын деп айтқан болатын. Әлі-ақ Барса жанкүйерлерін қуанышқа бөлеп, талай биіктерден көрінет ін болады. Мен өз басым қуанышта да, қайғыда да Барсамен біргемін. Бір шетінен Роббен мен Рибери бастаған Баварияға да бүйгеім бұрып тұрады. Мен екеуімен біргемін.
torpedaip
бәлту бәлту, Ереке бүйрегіңіз менің бүйрегіме ұқсайды екен )))))
ZaMaNbEk
Ияяя келісем!!! Дұрыс айттыңыз
Manas
өзім Реалдың жанкүйері болғасын ба, бір кездері Барсаның Реалды ұтып жатқанын көрген кезде жыным қайнап Барсаны жек көріп отыратынмын.Қәзір де солай! Шыныменде Барсаның дәурені бітті-ау.
Zako
Мына бір фотоға қарап, жеңілгенді жер, жеңгенді ел көтерер дегенді айтқым келіп тұр :)
Nuradil
футболдан көп нәрсе түсіне бермеймін. Бірақ, Барселонага өз басым ризамын. Каталондықтар Испанияның құрамында болса да, әлемде бар екендіктерін көрсете білді!
kaz007
Barca oz kuwin ali tolik korsetken jok! Ali ak eseptin basin tenestirer!!!
torpedaip
respect қосылам досым ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.