Ордабасы Кубок иегері

Жасыл алаң жаңалықтары /

ымкенттік «Ордабасы» Алматының орталық алаңында қостанайлық «Тобылдан» басым түсті. Жалғыз голдың авторы – Мұхтар Мұхтаров.


«Тобыл» негізгі күшін голды алғашқы болып соғуға жұмсағаны бірден байқалды. Бірінші минуттардан ақ бірден «іске кіріскен» қостанайлықтар талассыз шабуылға көшкен. Бірақ әрекеттері қауіпсіз болды. Сәтті қорғана білген «Ордабасы» қарсыластардың шабуылдарын асқан шыдамдылықпен қайтара отырып, өздері әлсін-әлсін шабуылдай бастады. Қайрат Әшірбеков қарсыластар алаңына құйын желдей ойнақ салып, «Ордабасы» 2 минутта 4 бұрыштама орындады. Азат Нұрғалиевтің қақбаға бағыттаған добы әлсіздеу келді, Дәуренбек Тәжімбетовтың соққысы қақпадан қиыс кетті. «Тобыл» қауіпті шабуылмен жауап қайтара білді, Гридинге гол соғуға сәл жылдамдық жетпеді. Кезек шымкенттіктерде Артем Касьянов допты аласалысымен айып алаңының бергі жағында тұрған Александар Трайковичке жеткізеді, Трайкович ортада ашық тұрған Мұхтар Мұхтаровқа баспен бағыштаса соңғысы допты қақпаға бірақ сүңгітті – 1:0. Артынша үрдіс баяуламай шымкенттіктер тек шабуылдаумен болды. Сәттілік жетіспеді.

Екінші тайм бастала салып Тәжімбетов қарсы алаңда Ярослав Багинскиймен жалғыз қалды. Алайда қобалжуын жеңе олмаған Тәжімбетов допты ақырын теуіп алып қақпашыға оңай жем болды.

«Ордабасы» ұйымдастырған сәттерінің жартысын да іске асыра алмады. Бірде қарсыластарды қақпа бағаны құтқарса кейде шабуылшылардың өзіне дәлділік жетіспеді. Тағы бір фактордың есімі Ярослав Багинский болды. Бүгін «Тобыл» қақпашысы ең жұлдызды ойын өткізген шығар, сірә.

Қостанайлықтар тек ойынның соңынде есіне келгендей болды. Қосымша минутта Богданов алыс қашықтықтан жойқын соққы жасады. Голкипер «сиқырлы» сейв жасап командасына жеңіс сыйлады.

Төрешінің биылғы маусымдағы соңғы ысқырығымен қоса, толағай табыс, өкінішті құлдыраулар мен таудай әсерлер артта қала берді…

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.