ЕВРО 2012 күнделігі. 6-7-8-9 күн

Жасыл алаң жаңалықтары /

Еуропа біріншілігі күтпеген нәтижелерге тола болып келе жатыр. Сонымен қатар, осы додада кейбір ойыншылар үздік ойын көрсетіп, бапкерлер «көзіне» ілігіп жатыр.
6 күн. В тобы. 2 тур.
Португалдықтар алғашқы ойындағы жеңілістен кейін қалған екі ойында көбірек ұпай алуға тырысты.
Дания — Португалия 2-3
Ойын қызыққа тола өтті, алма кезек шабуылдар мен алма кезек доптар.
ПепеПепе есеп ашты ойында.
ПоштигаПоштига екінші допты соқты.
БентнерБендтнер даттардың алғашқы добының иесі болды.
БендтнерТура сол Николас қос допқа айналдырды.
ВарелаӘп дегенде, соңғы минуттарда Варела португалдықтарға жеңіс сыйлады.

Голландия — Германия 1-2
Бұл ойын голландтықтар үшін өте қиын болды.
ГомесМарио есеп ашты ойында.
ГомесГомес дубль жасады.
Ван ПерсиВан Перси голландықтардың жалғыз добын соқты.



Көріп тұрғаныңыздай, бұл топта мәселе соңғы турда шешілетін секілді. Соңғы тур 17 маусымда өтеді:
Португалия — Голландия
Дания — Германия

7 күн. С тобы. 2 тур.
Италия — Хорватия 1-1
ПирлоАрдагер Пирло есеп ашты ойында.
МанджукичМанджукич есепті теңестірді.

Испания — Ирландия 4-0
ТорресТоррес есеп ашты ойында.
СильваДавид есеп еселеді.
ТорресФернандо дубль жасады.
СескСеск Фабрегас соңғы допты соқты.



Осы топта да үш бірдей елдің тепе тең мүмкіндіктері бар, барлығы соңғы турға байланысты.
3 тур. 18 маусым.
Хорватия — Испания
Италия — Ирландия

8 күн. D тобы. 2 тур.
Көп санды украиндық қолдаушылар үмітпен алаңға келген еді. Бірақ, француздар мықты екенін байқатты.
Украина — Франция 0-2
Менез алғашқы доптың иесі.
Кабай есепті еселеді.

Осы топтың қызықты ойыны.
Швеция — Англия 2-3
Кэрроль ағылшындарды алға бастап шығады.
Глэн Джонсон автогол иесі атанды.
Мельберг шведтердің екінші добын соғады.
Уолкотт есепті теңестіреді (2-2).
Уэлбек жеңіс добын соғады.



Осы топта да үш команда плей-офф кезеңіне өту мүмкіндігіне ие. Соңғы турды тосамыз:
3 тур. 19 маусым.
Англия — Украина
Швеция — Франция

9 күн. А тобы. 3 тур.
Шешуші сәттер. Қызықты сәттер. Чехтар мен гректердің ерлігі.
Чехия — Польша 1-0
Йирачек өз добымен чехтарға плей-офф билетін алып берді.

Орыстар да осы турға дейін мүмкіндікке ие болған, бірақ…
Грекия — Ресей 1-0
Грек капитан Карагунис өзін көрсетті.



Осылайша, Чехия мен Грекия плей-офф кезеңіне өтті. Ресей мен Польша үйлеріне қайтты.
Плей-офф кезеңі:
Чехия — В2
В1 — Греция
С1 — D2
D1 — C2

Қызықты ойындарды бірге тамашалайық ағайын ))))

4 пікір

torpedaip
3 тур ойындары біруақытта (00.45) өтіп жатқанын хабарлаймыз!!!
yerbol89
Голланияны қатты аяймын. Өте жақсы команда еді, ұшып кетейін деп тұр. Өз басым Голландияға көңіліп бұрып тұрған еді. Роббен, Ван Перси, Снейдерлерден көп үміт күткен едім.
torpedaip
"Ұшар голландықтардың" ойынын көрейік бүгін )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.