ЕУРО-ДОДА 2012. Топтық кезеңге шолу.

Жасыл алаң жаңалықтары /
Польша мен Украина төрінде өтіп жатқан Еуро додасы күн сайын қыза түсуде. Ойламаған жерден Ресей топтан шыға алмай, «байғұс» гректер бәрін озды. Голандия бір ұпайсыз «сопиып» қайтса, «Неміс машинасы» қарсыластардан шақ келтірмей келе жатыр. Бүгін біз топтық кезеңге шолу жасамақпыз.

Бұқпанов Рауан

А тобының қорытындысы.

Империяның құлдырауы.

А тобында барлығы шешілді. Қорытындыны сенсацияға баламаса болмас. Жарыс алдында фаворит ретінде есептелген Ресей мен Польша құлдырауға ұшырады. Қанша дегенмен Ресей құрамасы мұндай маңызды матчтарда ойнаудан тәжірибесі мол. Құрама 80 пайызға өткен Еуроның қола жүлдегерлерінен жасақталғанын ескерсек олардың топтық кезеңнен аттай алмауы өте ұят. Ел алдында, жанкүйерлері алдында. Еуропа чемпионатының қожайыны деп Польшадан да талай нәрсе күтті футбол сүйер қауым. Қағаз жүзіндегі фавориттер мықтылығын іспен көрсете алмады. А тобындағы жағадай осы. «Словян бауырлар» «қол ұстаса» тарқасты үйлеріне. Ал аутсейдер есебіндегі Чехия мен Грекия ширек финалға жолдама алды. Әсіресе экономикасы құлдырап, жағдайы шатқалақтап, Еуроға тірнектеп «әрең» жеткен гректер қайран қалдырды. Ерен ерліктің өнегесін көрсеткен гректер азын-аулақ жанкүйерлерінің төбелерін көкке дейін бірақ жеткізді.

В тобының қорытындысы.

«Өлім тобынан» тірі шыққандар.


Турнир алдында В тобы «өлім тобы» деп аталған. Мұндай кварттеттер кез келген әлемдік додаларда орын алады. Себебі Германия, Голландия мен Португалия өзге топтарда орналасқанда сөзсіз фаворит есептелінуші еді. Мұндағы жалғыз әлсіздеу команда Дания болған. Оның өзі алғашқы ойында Голандияны тырп еткізбей жеңіп кетті. Қызық-ай, ә? Бірақ айта кету парыз, дода шын мәнінде таза өтіп әркім өз шамсының деңгейін көрсетті. Бір де бір ойын тең аяқталған жоқ. Одан маңыздысы: топтан бір команда 9 ұпаймен плей-офф кезеңіне шығады дегенге мамандардың өзі сенбеген. Голандия да нөл ұпайымен таң қалдырды. Йоахима Лев баптайтын Бундестимнің қоржынында 9 ұпай бар болса да, ойынында ахау барын байқап қалдық. Мәселен, Португалиямен бірінші кездесуінде Германия ойын басында алған темпінен тайды. Соңғы 20 минутта немістер допты құр алға тебумен болды. Ал Португалия физикалық тұрғыда тамаша дайындалғаны көзге айдан анық көрініп тұр.

С тобынің қорытындысы.

Италия мен Испания ширек финалда.



Әлем мен Еуропа чемпиондары Испания мен Чезаре Пранделли шәкірттері топтан сүрінбей шықты. Иә, барлығы да солай боларын болжаған. Бірақ Еуромен күні кеше қоштасқан Хорватия құрамасына жаның ашиді. Ителиямен тең ойнап испандықтарды жеңіп кете жаздаған хорваттар топтастарына мықты қарсылық көрсетті. Славен Биличтің «бандысы» үйге абыроймен қайтты. Ал соңғы орында Ирландия командасы «жайғасты». Жасыл жейделі жігіттердің деңгейі топтаға командалардан әлде қайда төменірек екені белгілі. Бірақ Ирландия командасы да әр матчтың соңғы секундтарына дейін күресіп, қарсыластарынан ұпай тартып алуға тырысты. Ал топтан екінші орынмен шыққан «Скуадра адзурра» 1/4 финалда Д тобының үздігімен кездеседі.

Д тобының қорытындысы.

Бес төреші не керек, одан пайда болмаса?



Франция «бойына сеніп, жылдан құр қала жаздады». Лоран Бланның шәкірттері Шведтермен кездескенге дейін топтан шығу мәселесін 90 пайызға шешіп қойған. Сондықтан команда соңғы кездесуге жайбарақат қарады. Құраманы алға сүйреген Ибрагимович бар күшін салды соңғы ойында.

Д тобының аутсайдері саналған Украина соңғы турда ағылшындарды састырды. Олег Блохиннің командасын екі нәрсе тұншықтырды. Біріншісі Руни болса, екіншісі төреші. Айыбыны өтеп болған Руни міндетін адал орындаса, төреші қиянат жасады. Екінші таймның орта тұсында Девич Хартпен бірге-бір шығып допты қақпаға бағыттайды. Терри сызықтан асқан допты алып шығады. «Шу-у-у-у» еткен стадион, миллиондаған жанкүйер мен төрешіге жүгіре жөнелген Блохин де голдың кіргенін байқады. Бірақ… Төреші допты санамады. Әлгі, қақпаның артында тұратын төртінші мен бесінші төрешінің тікелей міндеті – доптың қақпаға кірген-кірмегенін анықтау. Түк пайдасыз «артық» қызылар, осылайша жеңісті қожайындардан тартып алды. Неге жеңісті дейсіз ғой? Себебі сол бір гол саналса ойын арнасы мүлдем басқа арнаға түсушы еді. Жә, болар іс болды, бояуы сіңді. Шева бастаған жігіттер нағыз қайсарлық танытты. Топтан «ұшып» кеткендерді екі санатқа бөлуге болады: біріншілері Дания мен Хорватия сияқты басын түсірмей абыроймен қайтқандар. Екіншілері Ресей секілді ұятқа қалып сүмірейіп кеткендер. Украинаны біріншілердің қатарына жатқызуға әбден болады.

3 пікір

rauan
Егер бәрі мен ойлағандай болса Германия-Испания финалын көріп тұрмын ))
rauan


Негізі осы голды санағанда Украина құрамасы жігерлене түсіп 90шы минутқа дейін Англияны ұтып тастайтын еді… Англия ұтқанның өзінде Украинаның статистикасы ұрып тұр...қақпаға толассыз шабуыл жасады ғой.Ехх Хохолдар шығу керек еді ше негізі ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.