ЕВРО 2012 күнделігі. ширек финал 2-3 күн.

Жасыл алаң жаңалықтары /

Еуродода өзінің соңына жақындап келеді. Ширек финал бәсекелерінде топшыланған мықтылар жеңіске жетіп жатыр. Ширек финалдың екінші ойынында немістердің жеңісіне ешкім де шүбә келтірмеген еді.

Германия — Греция 4-2
Ойынның басынан-ақ немістер шабуылға шыға бастады. Шюрле, Клозе, Озилдер қарсылас қақпасынан саңылау іздеумен болды.

Капитан Лам күшті соққымен есеп ашты.
Самарас есепті теңестірді.
Хедира немістерді алға шығарды.
Клозе баспен доп соқты.
Ройс есепті арттырды.
Салпингидис пенальтиді ұтымды пайдаланды.

Ал, испандықтар француздардың қағын сындырды. Бүкіл ойын бойы шабуылмен болған "қызыл фурия" Алонсоның екі добымен жеңіске жетті.

Алонсо алғашқы допты соқты ойында.
Алонсо пенальтиді мүлт жібермеді.

Осылайша, жартылай финалдағы ойындар:
Португалия — Испания
Германия — Италия/Англия

3 пікір

pari
Қызық дерек: Испания Францияны бұрын жеңіп көрмепті.Ал кешегі ойында Испания өздерін Франциядан мықты екендерін 100 пайыз дәлелдеп шықты! Ал 1 шілде де болатын ойынға болжам: 1 шілде де Финалда Испания-Германия кездесетін болады.Жеке ойым
mrkmbai
Испания туралы дурыс айттын достым! Мелкий пастарымен адамды мезі етеді! Допты устап аладыда не өздері дұрыс ойнамайды, не қарсыласты ойнатпайды! Үшбұрыш, тортбурыштарынан қарсылас ойыншылары турмақ, футбол қарап отқан жанкүйерлердің басы айналады! Испан футболының жеккөрушілері көбейіп барады, бір тоқтатса Португалиямен немістер тоқтатар, бар үміт соларда! Испания Францияға қарағанда Италия мен Англияның ойыны қызық болды. Алма кезек шабуыл, нағыз еркектерше силовой футбол ойнады!
torpedaip
Ия, финалда осы команданы топшылап отырмыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.