ЕВРО 2012 күнделігі. ширек финал, 4 күн.

Жасыл алаң жаңалықтары /

Ширек финалдың соңғы ойыны қызыққа тола болды десек қате айтпаған болармыз. Себебі, бүгінге дейінгі ойындардың ешқайсысы 120 минутқа жетпеді.
Талас тартысқа тола ойында итальяндар мен ағылшындар жартылай финал мәселесін ортаға салды. Екі тарап та күші бір біріне сай деп топшыланды. Дегенмен, соңғы нәтижелеріне қарай италяндықтардың басымдылығын айтып өтсек болады.
Ойынның алғашқы бөлімінде шабуылға «скуадра адзурра» аттанды. Балотелли бірінші бөлімде бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді. Пирло бастаған италяндықтар шабуыл үстінен шабуылға шықты.
Ағылшындар да, қарап қалмады, Уэлбек, Энгтар шабуыл мен қарымта шабуылды ұтымды пайдалануға тырысты.
Екінші бөлімде екі тараптан көбінесе шабуылшылар алмастырылды, Уолкот, Кэррол, Диаманти, Ночерино секілді белді ойыншылар ойынға араласып, ойын көркін қыздырды.
Джо Харттың бағына орай доп қақпа маңдайшасына тиді.
Глен Джонсонның соққысы Буффон қайтару үстінде.

Англия — Италия 0-0 (2-4 пенальти)
Диамантидің пенальтиден соққан добы жеңіс алып келді.
Ағылшындардың жеңілісі.
Италияның жеңісі.

Осылайша, жартылай финал ойындары келесідей тәртіпте:
27 маусым.
Португалия — Испания

28 маусым.
Германия — Италия.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.