Еврокубоктар 2012/13

Жасыл алаң жаңалықтары /

Жеребе тастау шарасы аяқталды. Қазақ клубтарына қолайлы қарсыластар түсті десек те болады.
Чемпиондар Лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. 17/18 және 24/25 шілде.
Слован Либерец (Чехия) — Шахтер Қарағанды (Қазақстан)
Слован Чемпиондар Лигасында 4 рет ойнаған, онда үшінші іріктеу кезеңінен өте алмаған екен. Сонымен қатар, Европа Лигасында 32 рет, Интертото кубогында 20 рет ойын көрсетіпті. Ағымдағы Уэфа коэффиценті — 206 орын.

Европа Лигасы. Бірінші ірікіктеу кезеңі. 5 және 12 шілде.
Торпедо Кутаиси (Грузия) — Ақтөбе (Қазақстан).
Торпедо чемпионатта 3 орынды иеленіпті. Чемпиондар лигасында бас аяғы 10 ойын, Европа Лигасында 8 және Интертото кубогында 4 ойын көрсетіпті.
Ягодина (Сербия) — Ордабасы (Қазақстан)
Ягодина чемпионатта төртінші орынды иеленіпті. Еврокубоктарда қатыспаған.
Лех (Польша) — Жетісу (Қазақстан).
Лех чемпионатта төртінші орынды иеленіпті. Чемпиондар лигасында 20 ойын көрсеткен. Европа Лигасында 36 ойын, онда 1/16 финалға дейін жетіпті. Интертото кубогында 6 ойын көрсетіпті. Уефа коэффициенті 89 — орын.
Торпедо Кутаиси мен Ягодина клубтарының Уефа коэффициенттері тіркелінбеген.
Демек, мұнда Слован мен Лех оңай шағылар жаңғаққа ұқсамайды, десек те "қазағымның жігері" жеңіске жетелейді деп сенеміз, ал Ягодина мен Торпедо Кутаиси клубтарынан өту қиын мәселе емес.
Тағы бір айтып кететін жайт, біздің төрт клубымыз да жауап ойынын үйде өткізеді екен, мұнда көрермендер қолдауы үлкен роль ойнайды.
Алла қаласа, жеңіске бірге жетерміз ағайын!!!

7 пікір

followme_alik
жетейік) _пайдалы ақпарат.
mrkmbai
Польша чемпионаты мен Чехия чемпионатының деңгейі біздікінен алдеқайда жоғары, сондықтан Шахтер мен Жетісуға обал болды. "Қазағамның жігері" дейсіңдер, қазақта жігер бар шығар, ал қазақ футболистерінде, нақтырақ айтсам қазақстандық футболистерде ондай жігер ЖОҚ!!!
User
, Ақтөбе голландияның Аз Алкмаарды, Австрияның Маттерсбургын, Тираспольдің Шерифін, Исландияның Хавнавфьюрдорын, Венгрияның кечкеметін ҰТЫП, АЗУЛЫ германиялық ВЕРДЕРГЕ 3 гол соғып жүргенінде қайда жүрсің?
mrkmbai
ВЕРДЕРдің қорғанысы қашанда тесік болған, бірақ атакасының арқасында матчтарды алып шығады, ойын философиялары сондай! 3 гол салдық екен деп дандайсудың қажеті жоқ! УЕФАға кіргелі қаншама жыл болды, содан бері қазақ футболы көтерілді ма??? Бір рет болсада іріктеу кезеңінен өтіп көрді ма??? Былтыр Ресейдің 2-ші дивизионындағы Аланиядан өте алмаған соң не сұрайсың??? Сол Ақтөбені жеңген Алания келесі турда не болғанын білесіңба???
2000-шы жылдары қазақ футболы әлемдік рейтингте 110шы орындарда болатын, қазір ше? Менде қазақ футболының өрлегенін қалаймын, қазақ футболшыларының жеңгенін қалаймын! Бірақ бәрі керісінше болып жатыр. Бауырым, осы дүниелерге шынайы көзқараспен қарап көрші!
User
Ақтөбе қазақстанның Европа аренасындағы Қазақстанға очко әкеліп жатқан жалғыз команда)
mrkmbai
Алдыңғы сөзіңді өшіріп тастапсың, оның жарамады! Айтылған сөз — атылңан оқ! Өсер елдің баласы бірін бірі батыр дейді, өшер елдің баласы — бірін бірі қатын дейді! Көрініп тұр қаншалықты жігерлі, қаншалықты ұлтжанды екендігің!
User
ммм Рақмет)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.