ЕВРО 2012 күнделік. Финал. Статистика.

Жасыл алаң жаңалықтары /

Құрметті ағайындар!!! Міне, ЕВРО 2012 додасы да соңына жетті. 14-ші рет өтіп кеткен дода өз алдына бір ерекше болды. Осы уақытқа дейін Испания, Германия 3 рет европа чемпионатын жеңіп алыпты, Франция 2 рет европа чемпионы атаныпты.
Биылғы финалда "қызыл фурия" мен «скуадра адзурра» жолы тоғысты. Бұл екі команда топтық кезеңде 1-1 есебімен ойынды аяқтаған еді.
Стастистикаға тоқталсақ. Осы екі команда жалпы 32 рет кездескен, 10 жеңіліс, 10 жеңіс және 12 тепе теңдік тіркелген. Италияның ең ірі жеңісі 7-1 және Испанияның ең ірі жеңісі 4-0 есебі.
Ал, финалға оралсақ.
Финал Киевтегі «Олимпийский» алаңында 63170 көрермен көз алдында жүргізілді. Төрешілік қызметін португалдық Педру Проэнса ұжымы атқарды.
Испанияның құрамы: И.Касильяс, Пике, Рамос, Альба, Бускетс, Алонсо, Хави, Иньеста (Мата), Сильва (Педро), Фабрегас (Торрес).
Италия құрамы: Буффон, Абат, Бонуччи, Барцальи, Кьеллини (Барцалетти), Пирло, Маркизио, Де Росси, Монтоливо (Мотта), Балотелли, Кассано (Ди Натале).

Испания — Италия 4-0
Доптар: Сильва, Альба, Торрес, Мата.
Ойынның бастапқы минуттарынан испандықтар шабуылға көшті. Дель Боскенің қысқа пастар жобасы жүзеге асырылып жатты. Жартылай қорғаныстағы Хави, Иньеста, Сильва, Фабрегас қысқа пастармен итальяндықтарды шаршатты.
Итальяндықтар да финалға бекер шықпағанын көрсетті. Пирло, Балотелли, Монтоливолар да тегеурінді ойын көрсетті.
Ойынның 14 минутында ортадан сытылып шыққан Фабрегас Иньестадан тамаша пас алды және Сильваның басына доп салып берді. Сильва мүлт кетпеді. Есеп 1-0.
Кейінірек, 41 минутта енді Альба сол қанаттан сытылып шығып, Хавидің керемет пасын голға айналырды.
Ойынның екінеші бөлімінде Монтоливаның орнына түскен Мотта жарақат алды, және 57 минутта алмастырылатын мүмкіндіктің таусылуы себепті, алмастырылмады және ойынды да жалғастыра алмады, Италия 10 ойыншымен қалды. Испандықтардан алаңға Педро, Торрес, Мата шықты. 84 минутта Торрес доп соқты, ал 87 минутта ол Матаны пазбен қамтамасыз етті, соңғысы мүл кетпеді. Есеп 4-0.

Кассано испан қорғаушыларымен бірге күресте.
Сильва есеп ашты.
21 минутта Кьеллини жарақаты себепті ойынын аяқтады.
Альба есепті еселеді.
Мотта жарақатына байланысты ойынын аяқтады.
Дель Боске шәкірттеріне кеңес беру үстінде.
Торрес есепті 3-0-ге жеткізді.
Мата соңғы допты соқты.
Төрешінің ысқырығы және Испания чемпион!
Испания 4 дүркін Европа чемпионы!!!
"Қызыл фурия" чемпион!

Осылайша Испания 4 рет Европа чемпионы атанды!!! Испания жанкүйерлерін құттықтаймыз!!

ЕВРО 2012 статистикасы:
Ең беделді ойыншы: Андреас Иньеста.
Бомбардирлер:
Торрес (Испания)(«Алтын бутси» иегері) — 3
Алан Дзагоев (Ресей)- 3
Манджукич (Хорватия)- 3
Марио Гомес (Германия)- 3
Марио Балотелли (Италия)- 3
Роналду (Португалия)- 3
Сонымен қатар, Шевченко, Ибрагимович, Крон Дели, Беннтнер, Салпингидис, Фабрегас, Пиларж, Ирачек, Сильва, Алонсо 2 доптан және Мата, Варела, Павлюченко, Бендер, Уолкотт, Менез, Навас, Ройс, Ван дер Варт, Кэрролл, Клозе, Ди Натале, Элавич, Руни, Гекас, Поштига, Кабай, Карагунис, Ларссон, Мелльберг, Широков, Сент Леджер, ван Перси, Блащиковский, Левандовский, Насри, Подольский, Уэлбек, Самарас, Лескотт, Кассано, Озил, Ламм, Хедира, Пепе, Пирло және Альба 1 доптан соқты.

Ал, Ресейлік Андрей Аршавин «ең жақсы плеймейкер» атанды, оның қоржынында 3 нәтижелі пас бар, сонымен қатар, Джерард, Озил, Сильва қоржынында да 3 пас бар.

Сары қағаздар:
Сократис Папастатопулос (Греция) — 3
Кин Эндрюс (Ирландия) — 3
Менез (Франция) — 2 және т.б.

Қызыл қағаздар:
Войцех Щенсны (Польша), Сократис Папастатопулос және Кин Эндрюс — 1.

ЕВРО 2012 додасында 31 ойын ойналды және 76 доп қақпадан орын алды.

Енді алдымызда 2012/13 еврокубоктар, Лондон олимпиадасы, Әлем чемпионаты 2014 бар.
Қызықты ойындарды бірге тамашалайық ағайын!!!

1 пікір

Yasin
ел аман жұрт тыныш болсын Лондон олимпиадасы, Әлем чемпионаты 2014 кездескенше
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.