ЕУРО-2012. 250 млн көрермен, 16 млн твит

Жасыл алаң жаңалықтары /
Еуропа чемпионатының финалын 200 астам ел тікелей эфирде көрсетіп, шешуші ойынды 250 миллион адам тамашалаған.

31 – Еуро-2012 финалы өткен Киевтегі «Олимпиский» стадионында 31 телекамера жұмыс жасапты.
92,8 – Испания жартылай қорғаушысы Хави пас беруден үздік. Оның берген пасының 92,8% діттеген жеріне жеткен (455 пас).
120 – Италия құрамасының капитаны Джанлуиджи Буффон құрамадағы 120 кездесуін өткізді.
137 – Испания құрамасының қақпашысы Икер Касильястың ұлттық құрамадағы өткізген ойынының саны 137 жетті.
200 – Еуропа чемпионатының финалы әлемнің 200 астам елінде көрсетілді.
2 000 – Adidas компаниясы Еуропа чемпионатына арнап 2 мың «Tango 12» добын тігіпті.
40 000 – Италия құрамасының жартылай қорғаушысы Андреа Пирло өз елінде Pratum Coller атты сыра зауытын басқарады. Бұл зауыт жылына 40 мың бөтелке сыра дайындайды.
68 055 – Киевтегі финалдық ойынға 68 мың 55 жанкүйер тамашалады.
582 – Испания құрамасының ойыншылары Еуропа чемпионаты кезінде 582 шақырым жүгіріпті.
605 – Ал Италия құрамасының футболшылары 605 шақырым жүгіріпті.
1 000 000 –2012 жылдың басынан Испания құрамасының миллионға жуық футболкасы сатылған.
1 190 000 – Еуропа чемпионаты кезінде Киевтегі фан-зонаға 1,2 миллион адам келген.
1 320 000 – Еуропа чемпионаты кезінде барлық стадиондарға 1,3 миллион адам жиналған.
16 000 000 – Финал кезінде Twitter әлеуметтік желісінде 16,5 миллион твит жарияланыпты. Испандықтардың төртінші голы салынған сәтте 15358 твит шыққан.
18 000 000 – Еуропа чемпионатының финалын 18 миллион испандық тамашалады.
250 000 000 – Еуропа чемпионатының финалын телеарна арқылы 250 миллион адам көрген.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.