Еврокубоктар 2012/13

Жасыл алаң жаңалықтары /

5 шілде күні УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі старт алды. Ойындарын қазақстандық клубтар осы кезеңнен бастады.

Ягодина (Сербия) — Ордабасы (Қазақстан) 0-1
Доптар: Гуэй Мансур (85 мин).
Ойынды телеарналардан көру мүмкіндігі болмады, дегенмен есеп бойынша жерлестеріміздің басым ойнағанын атап өтейік. Шымкенттіктердің бұл жеңісі барлығымызды қуантты: Сонымен қатар сіздерге ойын статистикасын ұсынамыз:


Торпедо Кутаиси (Грузия) — Ақтөбе (Қазақстан) 1-1
Доптар: Сабанадзе (62 мин), Марат Бикмаев (82 мин).
Бұл ойынды Қазақстан Ұлттық арнасынан көрдіңіздер. Ақтөбе алдыңғы еврокубоктардағы ойын өрнегін көрсете алды. Шабуылымен көзге түсті. Осы нәтиже бізді қанағаттандырады. Ойын статистикасы:


Лех (Польша) — Жетісу (Қазақстан) 2-0
Доптар: Муравский (61 мин), Ловренчич (65 мин).
Лех бұл тегеуріні мықты командалардың бірі, сондықтан Жетісуға оңай болмайтынын білген едік. Дегенмен, бірінші бөлімде қарсылық көрсете алған Жетісу екінші бөлімде екі бірдей доп жіберіп алды. Енді, 12 шілде күні Талдықорғандағы ойында сәттілік тілейміз жерлестерімізге!!! Ойын статистикасы:


Жауап ойындары енді отандық телеарналардан көрсетіледі.
Яғни, 12 шілде күні:
Ел-арна 18:00 Жетісу — Лех (тікелей эфир)
20:00 Ордабасы — Ягодина (тікелей эфир)
Қазақстан Ұлттық арнасы 23:45 Ақтөбе — Торпедо Кутаиси (жазып алынған).


Айтабердегі шымкенттіктер, Ереке (Ербол Серікбай) Берікбол Сәдекеңдерді жинап "Қажымұқан" стадионына барып жанкүйерлік жасайсың ғой қол бос болса егер!!! Шымкенттегі бұл алғашқы еврокубок ойыны!!!!

2 пікір

mrkmbai
Біздің қазақтар грубо ойнайд екен. Әсіресе Шымкенттіктер )))
beka_asil
Біздің қазақтар бетке жаман айтады екен. Әсіресе Сіз )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.