Футболшылар құпиясы!!!(Лақабат)

Жасыл алаң жаңалықтары /
Тони Адамс (Tony Adams)– Есек

Арсеналдың аңыз капитаны, жасаған қателерінің «арқасында» бұл лақапты арқалауға мәжбүр болды.

Роберто Баджо (RobertoBaggio)– Алтын ат құйрығы

Италия футболының жұлдызына бұл лақап ат құйрығы секілді шаштары үшін таңылды.

Деннис Бергкамп (Dennis Bergkamp) – Ұша алмайтын Голландиялық

Голландиялық жұлдыз ұшақтан қорқатындығы үшін сырттағы ойындарға пойыз немесе автобуспен кететін.

Хулио Крус (JulioCruz)– Бағбан

Интердің және Аргентина футболының жұлдызы футболдан бөлек, бақ өсірумен де айналысатын көрінеді.

Эмилио Бутрагеньо (Emilio Butragueno)– күшіген, қарақұс

Испания футболының қайталанбас жұлдыздарының біріне алдыңғы лақап ерекше мұрны үшін таңылса, соңғы лақап жыртқыш құс секілді қауіпті голдарды тойтара білгені үшін қойылған.

Э́дгар Да́видс(Edgar Davids) – Питбуль, Пиранья, Жыртқыш

Голландия футболының жарық жұлдызы мұны қарсыластарының алдындағы допқа итше таласқанына орай иемденді.

Марсель Десайи (MarcelDesailly) – Жыртқыш немесе Құз
Француз футболшысына бұл лақап қарсыластарына жаны ашымайтындағы үшін берілген.

Марсело Гальярдо (Marcello Gallardo) – Қуыршақ

Аргентиналық жұлдыз бұл лақапты жиі жарақат алатындығы үшін иемденген.

Гойкоечеа(Goikoetxea) – Қасап

Барсаның ескі жұлдызына бұл лақап діні қатты болғаны үшін таңылған.

Луис Эрнандес(Luis Hernandez)– Баскесер

Мексикалық футбол жұлдызы соққан голдарынан кейін аталмыш атпен шақырылатын болды.

Марк Хьюз(Mark Hughes) – Шапалақ ұрғыш

Валлилік тренер бұл атты футболшылардың құйрығынан шапалақпен ұра бергені үшін алған.

Оливер Кан ( Oliver Kahn) – Шыңғыс Хан

Германия ұлттық құрамасының ескі қақпашысы мұны батыл әрекеттері арқасында иемденген.

Герд Мюллер (Gerd Müller )– Шишко немесе бомбардир

Неміс футболының аңыз аяқдопшысы салмағының ауырлығына байланысты Шишко, соққан голдарына орай бомбардир атын иемдеген кезінде.

Ариэ́ль Орте́га (Ariel Ortega) – Қодық (есектің баласы)

Үнемі ұрыс шығарып жүретіндігімен, сондай-ақ жаттығуды сүймейтіндігімен аталмыш атты иемденді.

Стюарт Пирс(Stuart Pearce) – Психопат

Ағылшын ұлттық құрамасының сол қанат қорғаушысына оң қанаттағы ашықтарға еркін кіре білгені үшін аталмыш лақап қосақталды.

Пабло Санчес (Pablo Sanchez) – Витамин

Уругвайлық аяқдоп аңызы командадағы маңызы үшін аталмыш атқа лайық көрілді.

Лев Яшин (Lev Yashin)– Қара өрмекші

Әлемдегі аңыз қақпашылардың бірі бұл атты қақпаға бағытталған соққылардан шебер құтқара білгені үшін иемденді.

Уэйн Руни (Wayne Rooney)-Англиялық шрек

Руни бұл есімді өзінің қайсарлығымен күштілігінің арқасында және түрі соған сай келетін болғандықтан бұл есім Руниге бұйырып тұр

Райан Гиггс(Ryan Giggs)-Амазонка жырқышы

Бұл есім лайықты деп ойлаймын…

11 пікір

banzaika1990
мына футболисттер арасынан Руниді ғана таниды екем. нақ «Англиялық Шректің» өзі ғой ол, тауып айтылған. )))))))))))))))) ееее Оливер Кан бар екен ғой, бірақ оның батыл әрекеттерін ұмытып қалыппын, бәлкім Шыңғыс хандай болса болған шығар
Лақабат емес Лақап ат болар
ABYLAI0KHAN
тамаша.озім Гиггзді тәжірбиелі көкжалға ұқсатамын
torpedaip
респект, жарайсың Санжар!
pari
тақырыптағы
(Лақабат)
деген меніңше қате сияқты негізі айтылуы Лақап ат. ал Уики атамның айтуы бойынша Бүркеншік ат
pari
Оливер Кан ( Oliver Kahn) – Шыңғыс Хан
мынанікі жынды боп кеткен екен ше…
Герд Мюллер, Оливер Кан, Уейн Руниден басқасы қызық емес екен танымағасын
Qarabala_95
Жақсы пост.ақпаратты қайдан оқып алдың әлде біреу айттыма.
Nursultan2002
Герд Мюллер, Оливер Кан, Тони Адамс, Уэйн Руниді танимын
konvict
оң қанаттағы ашықтарға еркін кіре білгені үшін
Бұл не?
ABYLAI0KHAN
әмбебап ойыншы болған ғой кез келген қапталда ойқастайтын, карсыласка ынғайсыз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.