Самат Сымақов рекордтары

Жасыл алаң жаңалықтары /
Самат Сымақов рекордтарды жаңалауда
«Ақтөбенің» капитаны Самат Сымақов өткен аптада грузиялық «Торпедо» ойынында 25-шi рет Еврододаларда жасыл алаңға шыққан екен. Бұл – Қазақстан ойыншылары арасындағы рекорд.

Самат, сонымен қатар, Европаның клубтар арасындағы ең ірі екі додасында ең көп уақыт ойнаған және қорғаушы бола тұра, ең көп гол соққан ойыншы болып табылады.

Ең көп ойын өткізген ойыншылар:
1. Самат Сымақов — 25 ойын;
2. Пётр Бадло — 23;
3. Данияр Мұқанов — 22;
4. Еміл Кенжесариев — 22;
5. Нұрбол Жұмасқалиев — 21.
Ең көп уақыт ойнаған футболшылар:
1. Самат Сымақов — 2310 минут;
2. Еміл Кенжесариев — 1934;
3. Данияр Мұқанов — 1916;
4. Нұрбол Жұмасқалиев — 1868;
5. Марат Хайруллин — 1781.
Еврокубоктерге ең көп қатысқан футболшылар:
1. Самат Сымақов — 10 мәрте;
2. Пётр Бадло — 9;
3. Фархадбек Ирисметов — 8;
4. Игорь Юрин — 8;
5. Еміл Кенжесариев — 8;
6. Данияр Мұқанов — 8;
7. Марат Хайруллин — 8;
8. Сергей Скорых — 8.

Үздік бомбардирлер:
1. Самат Сымақов — 7 гол;
2. Нұрбол Жұмасқалиев — 7;
3. Мұрат Тлешев — 6;
4. Марат Хайруллин — 3;
5. Руслан Балтиев — 3;
6. Нүркен Мазбаев — 3.

3 пікір

User
Ақтөбе чемпион!

Кеше ғана Ақтөбе Таразды 4-1 есебімен жыртты.Алға Ақтөбе.
Qarabala_95
жыртты дегенің бір түрлі екен ұтты десейші
Kinostrov
Адам атын жазғанда Қаласын қосып жа
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.