«Ордабасы» Европа лигасында...

Жасыл алаң жаңалықтары /
Кешегі өткен апта (05.07)мен осы аптаның бейсенбі(12.07) күндері Европа лигасының алғашқы іріктеу турының 1-ші айналымы болып өтті. Ол ойында біздің «зема» Ордабасы командасы Сербияның ортанқол командасы «Ягодина» командасымен кездесті.
Ордабасы
Кешегі Евро2012-нің қызығына батқан көрермендерге мына 2 ойынды жай ашқарынға(көретін ештеңе жоқ кезде) көрмесен, былайша ойынның нәтижесін кейін көре салған жақсы. Сонымен, әйтеуір 2 ойын болып өтті, сәттілік біздің командаға жолдас болып, үйтіп-бүйтіп өттік қой 1-ші айналымнан. Ойыннан алған әсерім, 2 команда да «апама жездем сай» -дың күйі: командалық ойын орта деңгейден аз, ойынды өз қолына алатын ойыншылар жетіспейді, болғандарының өзінен шеберлік 100 пайыздық шкаланың төменгі жағында көрінер-көрінбес «желініп тасталған қарбыздай» болып тұр.
Бұндай ойынмен қай жерге дейін барамыз? Бұндай болмайды ғой, жігіттер. Европа лигасында ойнағаннан кейін, лигаға сай деңгейде өнер көрсету керек қой… Дайындықты көбейту керек! Қақпаға допты дәл!!! теуіп үйрену керек. Оңынан да солынан да, артынан да алдынан да келген жауды шашқан батырлардың ұрпақтары емеспіз бе? Дәл сол секілді батыр шабуылшыларды оң-солына қарамай допты қақпаға тура тебетін дайындап шығу керек,.Командалық ойынды көтеру керек, пастардың тиімділігін, дәл жеткізілуін, арттыру керек.
Келесі айналымында қарсыласымыз Норвегияның Тронхейм қаласының «Русенборг» командасы. Бұл команда біздегі «Актобе» командасы секілді, соңғы 2-3 жылда бас жүлде ала алмай жүрген, алдынғы жылдарда 1-ші орынды бермей жүрген команда.Сол дүркіреп тұрған кезде 2007 жылы Чемпиондар лигасында біздің Астана командасын жалпы есеп бойынша 10:2 есебімен сүріндірген. Қалай гол салу керек екендігін білетін команда. Жағдай қиын. Пікірлерің болса жаза беріңдер, приям!

5 пікір

ABYLAI0KHAN
СУРЕТТЕГІ РАСТАНОВКА КАТЕ ГОЙ ҚАЙРАТ ОЙНАГАН ЖОК, МВЕСИГВА МЕН ПАХАЛЮКТІҢ ОРНЫ АУЫСЫП КЕТКЕН СОСЫН ГУЙЕ АЛДЫДА ОЙНАЙТЫН ЕДІ…
ABYLAI0KHAN
Ягодина нашар ойнады біз де жетістірмедік, Русенборгты жене алмаймыз мына ойынмен.1ге1 шығып сала алмай жатты ордабасы
torpedaip
Русенборгпен ойында тек қана бір Аллаға және ойыншылардың жігеріне сенеміз, басқа амалымыз жоқ… Русенборгты білесіздер ғой…
torpedaip
Ордада қара жігіттер жақсы ойнады, қазақ жігіттері де қалыспады. Әшірбеков кейінгі ойында алаңға түссе болар еді.
Kinostrov
baribir jenilip kalad ne kerek birinwi wikkanda atip keted
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.