Еврокубоктар 2012/13. Міне қазағымның жігері....

Жасыл алаң жаңалықтары /

Бейсенбі, 12 шілде күні өткен Уефв Еуропа Лигасының бірішні іріктеу кезеңінің жауап ойындары қазақ елі үшін айтарлықтай сәтті өтті деуге болады, дегенмен, бір клубымыздың жарыс жолынан шығып қалғанын айтып өту де қажет.
Жетісу — Лех (бірінші ойын 0-2) 1-1
Доптар: Слюсарски 13, Мұжықов 44.
Алғашқы ойында қорғаныстан бас алмаған талдықорғандықтар жауап ойында белсенді ойын көрсете алды. Теледидардан тамашалағанымыздай, жауап ойын қызыққа тола өтті. Алғашқы минуттардан доп жіберіп алған Жетісу қалған уақытты тек шабуылдармен өткізді. Бірақ, шабуылшыларымызға дәлдік жетіспеді.
Басында айтып өткеніміздей, осы белдесудің мықтысы Лех екені белгілі еді, сондықтан ол өз мықтылығын көрсетті.

Ордабасы — Ягодина (бірінші ойын 1-0) 0-0
Шымкенттіктерде осы ойында тым болмағанда тең нәтиже керек еді. Сол орындалды, есеп ашылмады. Бірақ ойын тартысты өтті. Мұны Ел-арнадан тікелей эфирден тамашаладық. Шабуылда Гуйе бірнеше мүмкіндіктерді жіберіп алды. Өз кезегінде сербтер де Бекбаев қақпасынан саңылау таба алмады.

Ақтөбе — Торпедо Кутаиси (бірінші ойын 1-1) 1-0
Доптар: Бикмаев 75.
Бұл ойында ақтөбеліктерге тым болмағанда есептің ашылмағандығы керек еді. Бірақ, ақтөбені білесіздер, еврокубоктарда өз үйінде кім кімді болмасын (мысалы, АЗ Алкмаар, Маккаби) жермен жексен ететіні белгілі. Сондықтан, тек шабуылда ойнады. Ойынның 75 минутында ғана өзбек легионері Марат Бикмаев доп соға алды. Мұның өзі жеңіс емес пе.

Сонымен, Ақтөбе, Ордабасы клубтарымыз Екінші іріктеу кезеңіне өтті, оларға тек жеңіс тілейміз ағайын!!!!

Кейінгі ойындар жайлы келесіде....

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.