Еврокубоктар 2012/13. Шахтердің ерлігі!

Жасыл алаң жаңалықтары /

Қарағандының «Шахтер» ФК Еврокубоктағы сайысын сәтті бастады деуге болады. Кеше Чехияның чемпионы Слованмен белдескен болатын. Ел-Арнадан бүкіл қауым болып көргендей, ойындағы чехтардың добын санамағанда, Шахтер белдесе ойнады. Әсіресе, жартылай шабуыл мен шабуыл шегіндегі ойыншыларымыз қарсыластарына дес бермеді. Гридин мен Финонченко соққан екі допты бас қазы есепке алмады. Екінші бөлімде жерлестеріміз ойын тізгінін түгелдей өз қолдарына алды. Бірақ, есеп сақталып қалды.
Слован Либерец (Чехия) — Шахтер Қарағанды (Қазақстан) 1-0
Доптар: Гадашчок 23 мин.

Гридин допқа талас үстінде.
Байжановтың соққысы.
Гридиннің соққысы.
Дидич қарсыласына қол беруде.
Допқа талас кезінде ойын ережесі бұзылды.

Енді, жауап ойында барын салатын болады Кумыков шәкірттері. Жауап ойынды да Ел-арнадан көретін боламыз!!!

Ал, 19 шілде күні екі клубымыз Еуропа Лигасындағы келесі ойындарын өткізеді:
Милсами (Молдова) — Ақтөбе (Қазақстан) 21:00 (Астана уақыты)
Русенборг (Норвегия) — Ордабасы (Қазақстан) 23:00 (Астана уақыты).

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.