Неймар: Лондонға тек алтын үшін барамыз

Жасыл алаң жаңалықтары /

«Сантос» шабуылшысы Неймарды оқырманға таныстырудың өзі артық болар. Ол шеберлігімен, тума талантымен әлемнің назарын ерте бастан-ақ өзіне аударды. «Футбол патшасы» Пеле Неймарды өзінің ізбасары санайтынын айтқан болатын. Әрі оны Мессиден де дарынды деп есептейді. Жиырма жастағы футболшы олимпиадаға алғаш рет қатысақалы отыр. Осы орайда, ФИФА-ның ресми сайтында Неймармен сұхбат жарияланған еді. Мәрхәббәт, оқыңыз.


object_79.1329349720.64603


– Бала кезіңде Олимпиада ойындарын көргенің есіңде ме? «Лондон 2012» сенің футболдық карьераңдағы жоспарыңа кіре ме?


– Есімде, футболдан басқа спорт түрлерін де көрдім. Әлем чемпионатында ғана емес, Олимпиадада өнер көрсету – менің арманым. Себебі, Олимпиада ауылында бәрімен бірге боласың. Барлығын тамашалауға мүмкіндік аласың. Ал, біздің Лондондағы басты мақсатымыз – алтын медаль алу. Алдыңа өте үлкен мақсат қойғанда, жігерлене түседі екенсің.


– Сен үшін, яғни кәсіби футболшы үшін басқа спортшылармен араласу қызықты ма?


– (Күліп) Леброн Джеймс пен Усэйн Болттай спортшылар бар кезде, әрине, қызықты. Мен достарыма Олимпиада кезінде қызуқанды жанкүйерге айналатынымды, саңлақ спортшылармен суретке түсетінімді айттым. Лондонда Леброн Джеймс пен Усэйн Болт секілді танымал тұлғаларды көргім келеді. Олармен бірге суретке түсіп, автограф сұрасам деймін. Оларға не айтатынымды білмеймін, бірақ, не сұрайтыным белгілі.



– Қалай ойлайсың, Бразилия алтын ала ма? Яғни, бұрынғыға қарағанда мүмкіндігі бар ма?


– Жеңімпаз атану үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Меніңше, Бразилия қандай да болсын өзі қатысқан турнирлердің үздігі. Әрқашан солай бола бермек. Бізде өте жақсы команда бар әрі футболшылардың қарымы күшті.


Neymar+Brazil+v+Argentina+Y6_ucEh4BNVl

– Дания, АҚШ, Мексика және Аргентинаға қарсы өткізген жолдастық кездесу өткізу оң әсерін тигізді ме? Әлі де болса жетілдіретін тұстарыңды анықтауға көмегі тиді ме?


– Соңғы екі ойындағы сәтсіздікке(Мексикадан 2-0, Аргентинадан 4-3 есебімен ұтылды) қарамастан, көңіл күйіміз жақсы. Аргентинаға қарсы өткізген ойында Олимпиадалық құрамамыз ойнаған еді. Құрамында әлем жұлдыздары бар команданы ұтып кетуге шақ қалдық. Енді жаттығуымызды пысықтап алуымыз керек.


– Сен ұлттық құрамадағы «жұлдыздардың» бірісің. Сондықтан сені Олимпиада құрамасындағы негізгі ойыншының бірі болады десек қателеспейтін шығармыз?


– Біздегілердің бәрі басты ойыншылар және олардың әрқайсының атқартын өз жұмысы бар. Әр ойыншы маңызды. Олимпиадаға бартын 18 ойыншы жұмыла қимылдасақ ғана күшті боламыз.


Brazil+v+Argentina+nKBIBkniW2_l

– Жолдастық кездесу кезінде Бразилиядан басқа жердегі халықтың өзіңе деген көзқарасын байқаған шығарсың?


– Иә, адамдар мені көбірек тани бастады. Алаңдағы көбірек назар аударатын ойыншымын және жанкүйерлер менің не істейтінімді жақсы біледі. Ойын мәнерімнен хабары бар болғандықтан, алаңда бір немесе екі ойыншы мені торуылдап жүреді. Бұл оңай емес, алайда, қандай жағдай болсын команда үшін ойнауға тиістімін. Себебі, ойын тағдырын шешетін ойыншы әрқашан табылады.


object_18.1326148005.89115

– Еуропа чемпионатынан кейін туиттер арқылы Иньестаны құттықтадың. Турнирді көрдің бе, жарыс туралы не ойлайсың?


– Тек Бразилия мен Аргентина құрамасы жетіспеді демесеңіз, дәрежесі әлем чемпионатына бара-бар болды. Испания өзінің деңгейін көрсетті. Олар шынымен өте күшті.


SOCCER-WORLD/SANTOS

– Сенің Еуропаға келу-келмейтінің туралы көптеген әңгіме айтылды. Деңгейі жоғары команданы көргенде Бразилиядан бәсі жоғары екен деген ой туды ма?


– Еуропадағы футболдың түрі басқаша. Өзгешелігіне қарамастан оған үйренісу оңай. Ол жақта да, бұнда да үйренетін нәрсе көп.

– Қай футболшының өнері көңіліңнен шығады?


– Маған Иньестаның ойыны ұнайды. Ол өте керемет футболшы. Криштиану Роналду да керемет. Әсіресе, Месут Өзилдің Германия үшін өткізген ойындары тамаша. Ол мықты ойыншы, мен әрқашан оның жанкүйерімін.


SOCCER-LATAM/BRAZIL

9 пікір

konvict
Футбол сүйерлер үшін арнайы
Korkem
Футбол жайлы жазса осылай-ақ жазсаңдаршиш, қызыға оқитын. бірақ, шыным қызыққам жоқ)))
konvict
Елдің бәрі шалың секілді деп пе едің?! футбол еркектердікі
ABYLAI0KHAN
мессиді аузына алмағаны ренжітті(((
ABYLAI0KHAN
ниче, али бала мысық қой
Manas
Сан жылда Бразилиядан 1 мықты шығып тұру керекқо))
rauan
Пеле алдында Робиньоны да айтып еді кейн европаға келіп бағы жанбай қалғанда, патоға жабысып еді кейн олда жарақат алып сәтсіздікке ұшыраған еді, енді Неймарға жабысыпты ғой =]]]
P.S ал мақалаға базар жоқ, не дегенмен профисың ғой ))
SteVen_S_Sanzhar
Ор рахмет, посты4а Неймар ма,, көреміз осы да калай ойнайтынын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.