Еврокубоктар 2012/13. "Лотореяға" 1 минут жетіспеді....

Жасыл алаң жаңалықтары /

Чемпиондар лигасынан Шахтер тыс қалды. Жаңа ғана қарағандылық клуб Слованмен тең ойнап, кейінгі айналымға өтер жолдаманы қарсыласына ұстатып жіберді.
Ойын өте қызықты өтті. Бірінші бөлімде Жамбыл Көкеев пенальтиден есеп ашты. Дегенмен, қосымша уақытта, соңғы минутта Блажек есепті теңестіріп, чехтарды кейінгі кезеңге алып шықты. Қазақтардың соңғы минуттарда доп жіберіп алатын "әдеті қалмапты". Бұрынғы ойындар есіңізде болар, мысалы Артмедиа мен Қайрат ойыны секілді. 1 минут шыдағанда пенальтидер сериясында (лотореяда) жеңіп кету мүмкіндігіміз бар еді. Әттең!!!
Шахтер (Қазақстан) — Слован Либерец (Чехия) 1-1 (бірінші ойын 0-1). Жалпы есеп 1-2

Енді Еуропа Лигасындағы клубтарымызға үміт артамыз!
26 шілде. Ордабасы — Русенборг. 20:00 «Ел-Арна» тікелей эфир.
Ақтөбе — Милсами. 21:50 "Қазақстан" ҰТА тікелей эфир.

3 пікір

kozy
Ордабасы алғаааа!
Manas
Үлкен өкінішті)Жамбыл Көкиев соңына дейін керемет ойын көрсетіп еді)
torpedaip
Ия, Жамбылға риза болдым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.