Еврокубоктар 2012/13. Біздің тараптан да күн шығар!!!

Жасыл алаң жаңалықтары /

«Біздің тараптан да күн шықты». Екі клубымыз аяқ астынан жеңіліске ұшырағаны белгілі. Ал, еврокубоктарда абыройымызды асқақтатып жүретін Ақтөбе кейінгі айналымға өте алды.
Бүгін Милсами клубын қабылдаған жерлестеріміз 3-0 есебімен жеңіске жетті.
Ойын Ақтөбенің басымдылығымен өтті. Марат Хайрулин есеп ашты алғашқы бөлімде. Екінші допты өзбек легионері Гейнрих соқты. Осы есеп те бізді қанағаттандыратын. Соңғы минуттарда молдаван қорғаушысы өз қақпасына доп соғып, бізге түбегейлі жеңіс сыйлады.
Ақтөбе (Қазақстан) — Милсами (Молдова) 3-1 (бірінші ойын 2-4) Жалпы есеп 5-4
Келесі кезеңдегі Ақтөбенің қарсыласы азулы Бельгияның Генк клубы. Келесі ойындарын Ақтөбе 2-9 тамыз күндері өткізеді.

Жеңіс құтты болсын ағааааайын!

1 пікір

rauan
Иәәәә Ордабасы ұтылғанда жіләп едім, енді көңілім қайта көңілді болдыыы.УРАААААААА
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.