Англия құрамасының добы 890 000 теңгеге сатылды.

Жасыл алаң жаңалықтары /
Бүгін үш ай бойы «Меломан Гранд» дүкенінің павильонында тұрған доп 890 000 теңгеге (6 000 АҚШ долларға) сатылды.


Бір допты осыншама қымбатқа сатып алған не адам деп отырған шығарсыз…
Шындығына келгенде бұл допты Англия құрамасының мүшелері Қазақстанға Англия-Қазақстан Әлем Чемпионаты 2010-ға іріктеу ойынына келгенде өз қолтаңбаларын қойып «Komanda SOS» волонтерлерінің біріне «Қайырымдылық істер қобдишасы» бағдарламасын қолдауы ретінде сыйға берген екен.





Содан «Komanda SOS» ерікті волонтерлер орталығы мен «Меломан» желісі бірігіп «Мүгедектігі (балалардың ми сал ауруы) бар балаларды қолдау үшін Англия футбол құрамасының қолтаңбалары» атты қайырымдылық аукционын ұйымдастырып допты игі іс үшін сатқан.
Ал ол допты сатып алған кім? Ол бұл допты не істемекші? Сонымен қатар қайырымдылық аукционның қаражаты кімдерге бөлінгендігі жайында білгіңіз келсе толығырақ менің kk.kloop.kz/2012/02/07/ayyiryimdyilyi-aktsiyasyinda-angliya-ramasyinyi-olta-balaryi-oyyil-an-dop-satyildyi/ мақаламнан оқыңыз :)))

10 пікір

rauan
Мұның не? сен өз мақалаңа жарнама ретінде салып отырсын ба?
yerbol89
Мен бұл жерден жарнаманы көріп тұрғаным жоқ :) қайта жақсы ақпарат, егер осы сайт арқылы сол допта алатын адам табыла қалса үлкен игі іс.
rauan
ақыр пайдалы ақпарат қосты ма толық бәрін осында жарияламай ма? қалғанын менің мақаламда көресіздер дегені жарнама болмағанда не енді?
erke_ky3
Бұл жарнама емес, сілтеме арқылы өтсенде өтпесенде өз еркінде ғой. Мен өзімнің жұмыс істейтін сайтыма ресми ақпарат бойынша мақала жаздым. Ал бұл менің блогым болғанан сон мұнда өзім қалаған суреттерімді салып, өзім жазғым келген ойымнын барлығын жазамын. Ал нақты толық ақпаратты көргің келсе сол сайтқа кіріп қара деп сілтемесін беріп қойдым. Егер жарнама деп ойласан кірмейақ қой. Мен сені кір, қара деп қинап жатқан жоқпын ғой. Сонда жазылғанды қайта-қайта ресми түрде жазғанымнан не қызық болады. Бәрібір ол сайтта ресми ақпарат болғанан сон оған міндетті түрде сілтеме береуім қажет болады қай жағдайдада.
Aknyet99
Ай бастары жасамайды, мүгедек балдарға сатқаны несі?!!! Тегін бере салса ешнәрсесі кетпейдіғо!
Korkem
Сатқан жоқ, соларға қолдау үшін басқаға сатып жатыр. Ол туралы білгің келсе көрсеткен сілтемесін бас.
erke_ky3
Мүгедек балаларға сатқан емес, сол допты сату арқылы түскен қаржыны соларды емдеуге берген.
Jako
Өте игілікті іс екен.Осындай хабарларды естігенде жаның бір жадырап қалады.
ereke_enu
Тамаша! Команда СОС жарайсыңдар!
darmen
Ангилиялықтарда біздің аңқаулығымызды пайдаланады-ау осы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.