«АЛТЫН ДОПҚА» ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ЕСІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ.

Жасыл алаң жаңалықтары /
ФИФА «АЛТЫН ДОПҚА» ҮМІТКЕР ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЕСІМІН ЖАРИЯЛАДЫ. ТІЗІМДЕ МЕССИ МЕН РОНАЛДУДАН БАСТАП, БАЛОТЕЛЛИ, БЕНЗЕМА СЫНДЫ ҮЗДІКТЕРДЕ БАР. БАРЛЫҒЫ 23 ФУТБОЛШЫ «АЛТЫН ДОПТАН» ҮМІТТІ. АЛ НАҚТЫ ЖЕҢІМПАЗДЫҢ ЕСІМІ 7 ҚАҢТАРДА ЖАРИЯЛАНАДЫ.


«АЛТЫН ДОПТАН» ҮМІТТІЛЕР.
Серхио Агуэро (Аргентина, «Манчестер Сити»),Марио Балотелли (Италия, «Манчестер Сити»), Карим Бензема (Франция, «Реал»), Джанлуиджи Буффон (Италия, «Ювентус»), Серхио Бускетс (Испания, «Барселона»), Икер Касильяс (Испания, «Реал»), Дидье Дрогба (Кот-д’Ивуар, «Шанхай Шеньхуа»), Радамель Фалькао (Колумбия, «Атлетико), Златан Ибрагимович (Швеция, «ПСЖ»), Андрес Иньеста (Испания, «Барселона»), Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»), Мануэль Нойер (Германия, «Бавария»), Неймар (Бразилия, «Сантос»), Месут Езил (Германия, «Реал»), Жерард Пике (Испания, «Барселона»), Андреа Пирло (Италия, «Ювентус»), Серхио Рамос (Испания, «Реал»), Криштиану Роналду (Португалия, «Реал»), Уэйн Руни (Англия, «Манчестер Юнайтед»), Яя Туре (Кот-д’Ивуар, «Манчестер Сити»), Робин ван Перси (Голландия, «Манчестер Юнайтед»), Хаби Алонсо (Испания, «Реал»),Хави (Испания, «Барселона»).
Негізгі тартыс “Барселона” ойыншылары Лионель Месси мен Андрес Иньеста және “Реалдан” Криштиану Роналду арасында өтеді деп күтілуде. Айтпақшы, Месси 29 қазан «АЛТЫН БУТСА» алды. Бұл марапат Еуропаның ең мерген ойыншысына берілді.

ҮЗДІК БАПКЕР АТАҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР.
Висенте дель Боске (Испания), Роберто ди Маттео (Италия, «Челси»), Алекс Фергюсон (Шотландия, «Манчестер Юнайтед»), Хосеп Гвардиола (Испания, «Барселонаның» бұрыңғы бапкері), Юпп Хайнкес (Германия, «Бавария»), Роберто Манчини (Италия, «Манчестер Сити»), Жозе Моуринью (Португалия, «Реал»), Чезаре Пранделли (Италия).

2 пікір

madiozil95
Үздік ойыншы: Месут Озил, Ван Перси, Неймар.
Үздік бапкер Моуринью болады)))
khairbek
өзіннің никнейм Озил болгасын озил деп отсынго
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.