Лионель Мессидің 7 күндік ұлы алғашқы келісім-шартына «қол қойды»

Жасыл алаң жаңалықтары /
Әлемнің үш дүркін үздік футболшысы, «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессидің ұлы Тьяго әлі бір айға да толмағанына қарамастан аргентиналық «Ньюэллс Олд Бойз» клубымен келісім-шартқа отырып үлгерді, деп хабарлайды РБК.
Тьяго Мессиге «10-шы» нөмірлі жейде бұйырыпты. Лионель «Барселонаның» академиясына ауыспай тұрып дәл осы клубта өз жолын бастаған болатын.

Алдағы күндері аргентиналық «Ньюэллс Олд Бойз» өкілдері Еуропаға барып, барлық құжаттарды ресімдемекші.

Тьяго Месси 2012 жылдың 2 қарашасында дүниеге келген. Бір қызығы, статистиканы сүйетін жанкүйерлердің есептеуінше, Лионель Месси өзінің басты қарсыласы Криштиану Роналдудан 869 күнге кіші болса, Тьяго да Криштианудың ұлынан дәл 869 күнге кіші екен.

9 пікір

ZevsKO
сонда оның баласы болашақта футболист бола ма?
User
жоқ бақташы болмақ ойы бар екен.Сізде қатырады екенсіз.
ZevsKO
аха сказал тоже. Егер ол шынымен футболды ұнатпайтын болса, онда өзіне қарсы жүрмек пе? Оның тағдырын әкесі шешетіндей ол кім еді? Әрбір адам км болғысы келетінін өзі таңдамайды емес пе?
VVVWWW
Дұрыс айтасын, адам құқығына қол сұғу ғой бұл (мүмкін кезекті пиар болар)
Aknyet99
"Әкеге қарап ұл өсер, Анаға қарап қыз өсер"
korwinin_kyzy
Менын папам Нептяник ал мен Бухгалтермын бар3де мумкын
rauan
Бір қызығы, статистиканы сүйетін жанкүйерлердің есептеуінше, Лионель Месси өзінің басты қарсыласы Криштиану Роналдудан 869 күнге кіші болса, Тьяго да Криштианудың ұлынан дәл 869 күнге кіші екен.
Осы жері қызық болып тұр… осыған қарағанда өскен соң месси мен роналду баласы арасында да дерби болады-ау дейм
kozy
мағанда осы қызық болып тұр. жоспарлаған ба, қалай өзі:)
алдын ала болжау жаман ырым!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.