Жозе Мауринью: «Менің ол туралы ойлауға уақытым жоқ»

Жасыл алаң жаңалықтары /
«Фифаның» сайты хабарлағандай әлемнің үздік бапкері атағына үміткер үш мықтының есімі белгілі болды. Олар «Реалдың» бас бапкері Жозе Мауринью, «Барселонаның» экс-тернері Пеп Гвардиолла және Испания құрамасының бас бапкері Висенте Дель Боске.
Естеріңізде болса өткен жылы да «Реал» мен «Барселонаның» бас бапкерлері басекеге түскен, тек үшінші үміткер қазіргі Дель Боске емес, Англияның азулы клубы «МЮ-дің» бас бапкері сэр Алекс Фергюсон болған балатын. Ол жолы Гвардиоланың асығы алшысынан түсіп, «жылдың үздік бас бапкері» атағын тақымдаған-етін. Барселонаны жарты жолда тастап, демалысқа шыққанына қарамастан, Гвардиола биылда үлкен атақтан дәмелі. Осы туралы журналистердің бірі Жозеден сұрағанда «Менің ол туралы ойлауға уақытым жоқ. Бұл туралы Гвардиоланың ойлануына болады, себебі ол демалыста. Висенте Дель Боскеде сол сияқты, өйткені ұлттық құраманың ойындары орта есеппен алғанда үш айда бір рет өткізіледі ғой» деген болатын. Шынымен-ақ, қазіргі «Реалдың» турнирлік кестедегі орнына көз жүгіртсек, жағдайлары мәз емес. 14 ойыннан кейін 29 ұпаймен Барселона мен Атлетикодан кейінгі үшінші орынға жайғасқан. Екінші орыннан 5, ал ең басты қарсыласынан 11 ұпайға қалып келеді. Биылғы жыл Жозе жігіттері үшін тәтті басталғанымен, уақыт өте келе қатты болып келеді. «Реалдың» ендігі үміті «чемпиондар лигасының» жеңіс тұғырынан көріну. Өткен жылы жартылай финалда Мюнхендік «Баварияға» ойын соңындағы пенальтидан есе жіберіп, сол Мюнхэнде болатын ақтық ойынға жолдама ала алмай қалған боалтын. Биыл сол олқылықтарының орнын толтырамыз деп оты, Жозу жігіттері.

4 пікір

rauan
Ең үздік бапкерге Висенте Дель Боске лайықты!!!
eclipse9
келісе алмаймын!)) Биыл бұл тұғырдан Жозе көрінуі керек!
rauan
Биыл неге Жозе болу керек? кем дегенде 3 себебін айтып берші
eclipse9
біріншіден, ол өткен жылы реалмен чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті.
екіншіден, реалға иснария мен корольдік кубокты жеңіп берді.
үшіншіден, Жозе келгелі реалдың жылдық табысы өсті, өсіп қана қоймай әлем рекордын жаңартты. Бір жылда 518 млрд еуро тапты!
))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.