Елбасы жолдауы-жастар көзқарасы

Жасыл алаң жаңалықтары /
Елбасы жолдауы – жастар көзқарасы!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз еліміздің тарихында қалатын тағы бір ұлы қадам жасады. Ол желтоқсанның 14-і күні Астанадағы опера және балет театрында қазақстандықтарға арналған "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" деген тақырыпта кезекті Жолдауын оқыды.
1997 жылы 2030 стратегиясы құрылғанда халық күмәнмен қарап, сенімсіздік кейпін танытты. Бірақ ел басының сенімі, ойы көздеген жерден шықты десе де болады. Нұрсұлтан Назарбаев жолдауында 1997 жылы қазан айында қабылданған "Қазақстан-2030" стратегиясының «барлық міндеттері орындалғанын» айтып, «- Біздің басты мақсатымыз — 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде бұған қажеттінің бәрі — ресурстарымыз, білімді адамдар, ұйысқан ұлт, бәрі бар, — деді Назарбаев.
Қазақ елі тәуелсіз ел болғалы Елбасымыз айтқандай "ғасырлар бойына татитын жетістіктерге жеттік", әрине бұл шындық. Қазақ елінің мәдениеті мен дәстүрін әлем танып, үлгі боларлық елге айналуда. Біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз. Ал көк туымыз болса көк аспанда қалықтап, қазақ елінің қырандай қайсарлығын көрсетіп тұр! Осы мемлекеттің іргетасы – жастар! Жастар ешқашан назардан тыс қалған емес… Себебі, жастар – ел қаруы. Білімді ұрпақтың елін биікке жетелейтіндігі сөзсіз. Сол себепті біздің уайымсыз бала шағымыз бен жарқын болашағымыз үшін барлық жағдайлар жасалуда. Биылғы Жолдауға жастар жағының риза болғанына сенімім мол… Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдаудағы көтерген мәселелерін өз басым түптеп қолдаймын! Себебі Жолдауда айқын мақсат, елдің жедел дамуының жоспары, экономика және тіл мәселесі, сыртқы саясаттағы бағыт-бағдар айқын көрсетілгені баршамызға мәлім. Елбасы «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деп, бізге сенім артып отыр. Ендеше, сол сенімді ақтайық. Аула таңдамайтын жаһандану кезінде ұлтымыздың жұтылып кетпей, керісінше, сол желмен бірге ілгері жүріп, халықаралық арена төрінен орын алуына өзіміздің үлесімізді қосайық. Бүгінгі Жолдау бағдарламасындағы тапсырмалардың орындалуына бір атаның баласындай жұмылып, атсалысайық, ағайын!

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Ростовка Ресурстық орталықтың
8 «А» сынып оқушысы
Ғұбайдолла Досан

12 пікір

yesbolat83
Жарайсың, інішек! Елбасының: «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деп айтқанындай, Еліміздің үміт артар болашағы сендерсіңдер. Ал, Нәкеңе келер болсам, ол қолынан, ойынан келгенінің бәәәрін жасап жатыр ғо.
senim
Сізге блогосфера саласы туралы көп оқу керек.
yesbolat83
Сонымен не айтпағың бар маған?
senim
Тым жақсы сайтты бала-бақшаға айналдырып жібергеніңіз болмаса, а так бәрі жақсы ғо
yesbolat83
Нақтыла.
senim
Айтабер саған өз шығармаңды тықпалайтын орын емес.
yesbolat83
Ааа, солай ма?
yesbolat83
Олай болса қатырдың.
yesbolat83
Тәуір постты күл-талқан етпейік. Айтарыңды жекеге жазш.
Jako
Ибаайииии,Құдай-ай, не дейін…
satirik92
Әлхамдулиллә!!! Жақсыны жақсы деп, жаманды да жақсыға жорып сабыр тұтайық!!! Жастар үшін істеп жатыр…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.