Футбол

Жасыл алаң жаңалықтары /
Испания құрамасының қақпашысы Икер Касильяс өзінің Ұлттық құрама сапынан қашан кететіндігін айтты.

Қақпашының айтуынша, 2014 жылғы Бразилия жерінде өтетін Әлем біріншілігінен кейін Ұлттық құрамамен қоштасады екен.

«Әлем біріншілігі Ұлттық құрама сапындағы менің ғана емес, сондай-ақ Хави, Карлес Пуйоль, Хави Алонсо, Давид Вилья және Фернандо Торрестің соңғы ірі додалары болмақ. Ал одан кейін Испания құрамасының қатарында буын алмасу кезеңі болады», — дейді Касильяс Marca басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, ертеректе 2014 жылғы Бразилия жерінде өтетін Әлем чемпионатынан кейін Испания құрамасының бас бапкері Висенте дель Боске де орнынан кететінін айтқан еді.

Жалпы, Икер Касильяс Испания құрамасының сапында 2000 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақытқа дейін ол 145 кездесуде қақпасына 79 гол өткізіп алған. Ұлттық құрамамен бірге Икер 2010 Әлем біріншілігінің және 2008-2012 жылғы Еуропа біріншілігінің жеңімпазы атанған.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.