Шахтер ПАОК-пен бәсекеге түсуге әзір

Жасыл алаң жаңалықтары /
Шахтер ПАОК-пен бәсекеге түсуге әзір
Жасыл алаң жаңалықтары: Шахтер ПАОК-пен бәсекеге түсуге әзір
Қазақстан чемпионы “Шахтер” футбол клубы Грекияның Салоники қаласына келіп жетті. Мұнда қарағандылықтар УЕФА Европа Лигасының аясында жергілікті ПАОК командасымен кездесу өткізеді.

Грекияға жету футболшыларға оңайға соққан жоқ. Салоники қаласына жету үшін, жалпы саны сегіз сағат уақыт кетті. Команда аталмыш ойынға тас-түйін дайын әрі жеңіске жету үшін барын салатындарын жеткізді. Ұшу кезінде әуе кемесінің капитаны командаға сәттілік тілеп, Игорь Зеньковичті туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, команда ұшаққа мінбес бұрын туған күн иесін облыс әкімі Бауыржан Әбдішев құттықтап, аталмыш ойында дубль жасауына тілектестік білдірді.

Кеншілердің шабуылшысы Игорь Зеньковичтің айтуынша команда бәсекеге белін бекем буып, барлығы жеңіске жетіп, алғашқы үш ұпайды иелену мақсатымен аттанып бара жатқандарын айтты: — «Команданың көңіл күйі көтеріңкі. Барлық ойындарды жеңіп алғымыз келеді»

Салоникиге команда толық құрамман келмеді, аяқ саусақтарының жарақатына байланысты орталық қорғаушы Никола Василевич ойынға қатыса алмауы мүмкін. Дегенмен босниялық ойыншы командасына қолдау көрсету үшін Грекияға ат басын бұруы мүмкін. Футболшылар Салоникиге келген соң, бірден жеңіл жаттығу жұмыстарын жүргізді. Естеріңізге сала кетейік, ойын 19-нан 20-сына қараған түні Астана уақыты бойынша түнгі 01:00-де басталады.


vk.com/alamankz

1 пікір

Taulyq
Жігіттерге сәттілік!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.