30 тур Ақтөбе Шахтер 4:0

Жасыл алаң жаңалықтары /
Өткен weekend-те Қазақстан премьер-лигасында айтарлықтай жңалықтар орын алды.
Мәселен Ақтөбе бесінші рет чемпиондык титулды төбесіне көтеруге айтарлықтай қадам жасады. Енді Ақтөбе жанкүйерлеріне еркін тыныс алуына әбден болады десем артық айтқаным емес.
Ақтөбе өз алаңында Шахтерді қабылдады. Әрине кеншілердің ішкі чемпионатқа басы ауырмайды. Оларға маңыздысы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде сәтті өнер көрсетіп ел абыройын асқақтату және кубокты жеңіп алу.Сондықтан кеншілердің бас бапкері матч алдында 2 күн бұрын хабарлаған болатын: «Ақтөбеге қосалқы құрам ойыншылары барады» деп. Дәл солай болдыда Кумыков мырза Астанада АЗ Алкмаар клубымен болатын кездесуге негізгі құрам ойыншыларын алып қалып, қосалқы құрамды көмекшісі Олег Корниенко мырзаға сеніп тапсырған болатын.
Алайда Шахтердің қосалқы құрамы Ақтөбенің екпініне төтеп бере алмады. Марат Хайруллин, Петр Бадло, Абат Айымбетов, Тимур Кападзе соққан 4 голға жауап қайтара алмады. Осылайша Ақтөбе 3 ұпайды қоржынына салдыда турнирлік кестедегі алғашқы орынға нықтап жайғасты. Енді оны ешкімде тартып ала алмайды. (әрине қырсық шалып алдағы екі ойында жеңіліп қалса онда Астанамен «алтын матч» ойнатуы әбден мүмкін. Бірақ құдай бетін әрі қылсын.)Себебі турнирлік таблицада соңынан қуып келе жатқан Астана 6 ұпайға алдамыз. Ал чемпионат аяқталуына екі тур ғана қалды. Және чемпиондықтың тағдыры келесі турда екі көшбасшының кездесуінде белгілі болуы мүмкін. Әрине Ақтөбеге келесі турда тең ойында жетіп жатыр.
Жасыл алаң жаңалықтары: 30 тур Ақтөбе Шахтер 4:0

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.