ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНЫҢ ҚАРЛЫҒАШТАРЫ

Жасыл алаң жаңалықтары /
Қазақ футболының отаны

Футболды қазақ жеріне ағыл-шын саудагерлері әкелген деген дерек бар. Алайда, футбол қазақ жеріне орыстар арқылы келді де-ген дерек шындыққа жанасатын секілді. 1912 жылы Мәскеуден Семейге Куприянов деген кісі келе-ді. Ол атақты көпес Плещеевтің дүкеніне қызметке тұрады. Міне, сол Куприянов футболға қызыққан жастарды жаттықтырған екен. Өзімен бірге доп, қақпа торын әкелгендіктен, кәдімгідей футбол командасын жасақтауды қолға алады. Сөйтіп, осы жылы Семейдегі ерлер гимназиясы мен семинариясында алғашқы футбол командасы құрылды. Ол «Ярыш», яғни, «Жарыс» деп аталды. Бозбала Мұхтар Әуезов «Ярыш» футбол командасының құрамында жартылай қорғаушы болып ойна-ды. Міне, сондықтан да қазақ фут-болының отаны деп Семей қаласын атап жүрміз.

Тұңғыш команда
Жасыл алаң жаңалықтары: ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНЫҢ ҚАРЛЫҒАШТАРЫ
Сонымен, қазақ даласындағы тұңғыш футбол командасы «Ярыш». Ал тұңғыш қазақ футбол-шысы ретінде Мұхтар Әуезовты атауға болады. Өйткені, солай еке-нін дәлелдейтін тарихи құжаттар бар. Мәселен, Ахмет Әуезовтің (Мұхтар Әуезовтың ағасы) 1967 жылы жарық көрген «Бала Мұхтар» кітабында Әбдінасыр Миршанов пен Салық Хисматуллиннің мақаласы жарияланған. Бұлар да «Ярыш» клубының футболшылары болған. Олар мақаласында бозбала Мұхтардың тұңғыш футболшы қазақ екенін дәлелдеп беріпті. «Ярыш» командасы құрамында Әуезовпен бірге Ахметсәлім Кәрімов (капитан), Қасымхан Мұхаммедов, Салық Хисматуллин, Зиятдин Рыс-паев, Мұхаммед Сайдашев, Юнус Нығматуллин, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Гусман Ямбушев, Сабыржан Ахмедшин сынды жігіттер ойнаған екен. Айтпақшы, Юнус Нығматуллин «Ярыштың» төлтаңбасын осы күнге шейін сақтап келген екен. Оны футболшының Германияда тұратын немересі Рамиса әжей Семейдегі мұражайға әкеліп берген болатын.

Алғашқы матч

Қазақтар арасында футбол осылайша дами бастады. «Ярыш-тан» басқа да «ССК» (Семей спорт үйірмесі), «Олимп», «Ласточка» және «Орлята» деген командалар құрылды.

Енді басқа халықтармен жолдастық кездесу өткізу қажет болды. Қазақ жеріндегі ең алғашқы «халықаралық» жолдастық матч та осы Семейде өтті. Қазақтар 1918 жылы чехтармен футбол ойнады. Бұлар қайдан келген чехтар дейсіңдер ғой? Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскен бірталай чех азаматтары осы қалада болған екен. Тұтқындар арасында 1912 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан екі адам болыпты. Міне, сол чехтар семейлік «Ярыш» командасымен кездесті. Нәтижесінде, біздің команда 2:1 есебімен жеңіске жеткен екен. Мұны футбол жылна-машысы Евгений Один растаған көрінеді.

Қазақ футболы және «Қайрат»
Жасыл алаң жаңалықтары: ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНЫҢ ҚАРЛЫҒАШТАРЫ
1928 жылы Петропавл қала-сында Қазақ АКСР аймақтық командалары арасында ресми жарыс өткізілді. Осы жарысқа қатысқан ойыншылардан Қазақ-стан тарихындағы тұңғыш құрама команда жасақталды. Құрама РКФСР облыстары мен автономиялары халықтарының I Бүкілодақтық жұмысшылар Спартакиадасы іріктеу бәсекесіне қатысып 2-орынға ие болды. Ал 1936 жылы қазақстандық команда алғаш рет I КСРО Кубогіне қатысты. Ол – Ақтөбе қаласының «Динамо» командасы болатын. Ал қазақ футболы тарихындағы алғашқы ресми халықаралық матч 1957 жылы Алматыда өтті. Жергілікті «Қайрат» командасы финляндиялық «Вааса» командасын 4-0 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп, «Қайрат» қазақстандық командалар арасында алғашқы болып, жоғары дивизион клубтары арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға жолдама алды. Араға үш жыл салып, 1963 жылы «Қайрат» КСРО-ның XXII Кубогінің жартылай финалына шығып, ең жоғарғы жетістікке қол жеткізді. Ал 1966 жылы жоғарғы лига командалары арасындағы КСРО чемпионатының қорытындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды. 1971 жылы қазақ клубтық футбол тарихындағы ең ірі жеңіс тіркелді. «Қайрат» Кеңес Ода-ғы клубтарының ара-сында алғаш болып Теміржолшылардың Халықаралық Спорттық Одағы Кубогын жеңіп алды. Алматының Орта-лық стадионында өткен ақтық сында «Қайрат» 1:0 есебімен жеңіске жетіп, мәртебелі жүлдені ұтып алды. Сол кезде турнирді тамашалауға Орталық стадионынға 32 мың жанкүйер жиналыпты. Ал 1976 жылы «Қайрат» КСРО бірінші лига клубтарының чемпионатында жеңіске жетті. 1983 жылы команда екінші рет Бірінші Лига командаларының арасындағы КСРО Чемпионатының алтын жүлдесін ұтып алды. Осылайша, қазақтың «Қайратын» бүкіл әлем таныды.

Әзірлеген Серікбол ХАСАН

2 пікір

Jako
Қызық, мына «Тұңғыш команда»-деген суреттің ішінде Мұхаң бар ма екен, ешқайсысын маңдайын Мұхаңдікіне ұқсата алмадым.
Jako
екінші суреттегі жігіттер шетінен «бурасан» сойқан жігіттер екен, иә сол уақыттың футболистері осындай еді-ау.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.