Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың алғашқы күні

Жасыл алаң жаңалықтары /
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың алғашқы күні

Футболсүйер қауымды сағындыра ұзақ күттірген Чемпиондар Лигасы ертең 1/8 финалдық ойындарын бастайды. Еуропаның кіл жүйріктерінен тұратын командалар ішінен кім жүйрік екенін анықтау үшін ертеңнен бастап көк экранға телміретін боламыз. Сонымен, Еуропаны бағындаруға шыққан, топтық турнирді артқа тастап келесі айналымға өтуден дәмелі мықты 16 команданы еске тағы бір түсіріп жіберейік:

1. Реал Мадрид (Испания)
2. Барселона (Испания)
3. Атлетико Мадрид (Испания)
4. Арсенал (Англия)
5. Манчестер Сити (Англия)
6. Манчестер Юнайтед (Англия)
7. Челси (Англия)
8. Боруссия Дортмунд (Германия)
9. Бавария (Германия)
10. Шальке (Германия)
11. Байер (Германия)
12. ПСЖ (Франция)
13. Олимпиакос (Грекия)
14. Галатасарай (Түркия)
15. Зенит (Ресей)
16. Милан (Италия)


Енді, бұл таңдаулы 16 команданың өзара кімдермен кездесетінін төменде көрсетілген:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың алғашқы күні

Ертең, яғни 18 қаңтарда Чемпиондар Лигасының 1/8 финалдық ойындарының алғашқы матчтары ойналады, толығырақ айта кетсек:

Манчестер Сити — Барселона
18 қаңтар. 01-45 (Астана уақыты)
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың алғашқы күні

Біз бен сіз, керек десеңіз бүкіл әлем асыға күткен матч ертең ойналады. ЧЛ-дың 1/8 финалындағы нағыз тартысты да қызықты ойын осы командалардың еншісінде болуы тиіс секілді. Неге десеңіз, соңғы уақыттағы Барселонаның толағай табыстары бәрімізге аян, жеңілістерінен жеңістері көп болды, өзіндік ерекше стилі бар бұл команда бұндай матчта қарап қалмасы анық. Алайда доп — домалақ деген сөзді ұмытпайық, өткен жылы Барселонаның ЧЛ-да оңбай таяқ жегенін білерсіз. Осы ойында каталондықтар сол олқылықтың орнын толтыру үшін барын салуы тиіс, көпшілігіміздің топшылауымызша Барселона ойыншылары сол масқара жеңілістің кездейсоқ екенін дәлелдеу үшін барын салады. Барселонаның жаңа бапкері Мартиноның бұл ЧЛ-дың финалдық бәсекелеріндегі дебюті болмақшы, Неймардың да жарақатынан жазылып, қатарға қосылғанын білеміз. Месси де өзінің сүйікті кәсібі қақпа торын тулатуын бастап кеткенін күрсіне хабарлаймыз:)

Ал, Ситиліктерге келер болсақ, шейхтердің салған мол инвестициясы арқасында құрамына айналдырған 3-4 жылдың ішінде таңдаулы ойыншыларды жинай білді. АПЛ-да жеңіске жеткен соң, бақтарын осы ЧЛ-да сынап көруге бел байлады, алайды алдыңғы екі жорық (Манчини бапкердің бастамасымен) сәтсіз болғанын білеміз. Негізінен құрамында атақты ойыншылары бола тұра бұл команданың топтық турнирден аса алмауы бәрімізді қынжылтқаны рас, алайда тізгінді Чилилік білікті бапкер Пеллегрини ұстағалы бері Ситиліктердің ойыны жүріп, міне алғаш рет 1/8 финалдық бәсекесінде азулы Барселонаға қарсылас атанбақшы. Вильярреал, Реал Мадрид және Малага командаларын жаттықтырған Мануель бапкер Барсаның қыр-сырын біледі десек болады. Ситиліктердің өз алаңында қалай ойнайтынын көрген шығарсыздар, күні кеше ел мақтаған АПЛ-да жүлдеден үмітті Моуриньюдің Челсиін 2-0 есебімен жеңген Манчестерліктер жақсы формада деуге болады. Ситиліктердің бір ғана өкініші, аргентиналық сұрмерген Агуероның алаңға шықпайтындығы.

Матчтың бас қазысы швед Юнас Эрикссон болмақшы, бұл скандинавтық аталған командалардың ойындарына алғаш рет төрелік етпекші, ендеше Юнасқа салқынқандылықтан басқа ештеңе тілей алмаймыз.

Не де болса бізді тартысы мол, қызығы бітпес интригаға толы матч күтіп тұр. Сити қорғаушылары Неймар — Месси жұбын тоқтата ала ма?! Хави немесе Яя Туре қайсысы орталықта ойқастайды?! Голға құмар Ситиліктер Вальдес қақпасына қанша гол соғады?! Міне осы сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, матчты жіберіп алмаңыз:)

Байер — ПСЖ
18 қаңтар. 01-45 (Астана уақыты)
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың алғашқы күні
Бұл командаларды ортаң қол деуге келмес, Францияда лайықты қарсылас таба алмай жүрген Бланның шәкірттері топтық турнирді сәтті аяқтағаны белгілі. Онымен қоймай, құрамын қысқы трансфер кезінде Ньюкасл мен Франция жұлдызы Кабайды алған Париждік клуб ЧЛ-да ұзаққа баруға ниетті екенін байқатты. Құрамында Ибрагимович пен Кавани, Лавесси мен Лукас, Вератти мен Кабай секілді керемет ойыншылары бар ПСЖ бұл тіресте фаворит дер едім. ПСЖ жанкүйерлері бұл ойында Каваниге сенім арта алмайтыны болмаса, барлығы қатарда әрі ойынға тас — түйін дайын.

Немістер осы жылғы ЧЛ-да төрт бірдей өкілімен мақтана алатын жалғыз мемлекет. Бундеслигада Баварияның қаһарына төтеп бере алмай жүрген клубтарды бірі осы — Левекузендік Байер. Құрамында ПСЖ секілді қымбат әрі атақты ойыншылары болмаса да, Ливерпуль аңызына айналған Сами Хююпя Байерден тәп-тәуір команда жасай білді. Карвахаль, Шюррле секілді белді ойыншыларынан айырылғанына қарамастан құрамында ұлттық құрамаға шақырту алудан дәмелі Кисслинг, 90-шы жылдардан соң дүниеге келген Бернд Лено, Костас Стафилидис, Сон Хын Мин, Эмре Джан секілді негізгі құрам ойыншылары бар командадан жақсы ойын күтеміз.

Бұл матчтың бас қазысы болып венгриялық Виктор Кашшаи. Бұл қазыны танымауымыз мүмкін емес, әлем футболына аты әйгілі арбитрлердің бірі, менің көзіммен күптеген күмәнді шешімдердің иесі саналады. Алайда ертеңгі матчта бұл кісіні басқа жағынан танығымыз келеді.

Өз алаңында ойнайтын Байерлік шабуыл шебінің ойыншылары әлемнің үздік қорғаушыларының бірі Тьяго Сильваны қаншалықты мазалай алатынын білгіміз келеді?! Бұл жолы голқұмар Ибрахимұлы қандай шедевр көрсетеді екен?! Жаны нәзік көрінетін Оңтүстік Кореялық Сон Хын Минның қолынан не келетінін ертең байқайтын боламыз.

Сонымен қатар, осы жылдың ЧЛ финалы Португалияның Лиссабон қаласында өтетіні белгілі, өткен күндері осы финалда ойналатын доптың ресми тұсауы кесілді. Финалға жеткен 2 команда мына доппен ойнайтын болады:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың алғашқы күні

1 пікір

Yerasyl19
Менің ойымша УЧЛ-Реал Мадрид алады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.