Жасыл алаңның төрінде қаза болған футболшылар!

Жасыл алаң жаңалықтары /
Футбол! Біреулер үшін алынбайтын қамал. Ал, кейбіріне қол жетпейтін арманда еді. Десе де, Сергей Перхунге бұл күнделікті шұғылданатын тірлігі еді. Таңның атысымен күннің батысына дейін аладоптың соңына еріп, өзінің үздік екенін туған халқы украинамен қатар, күллі әлемге мойындата білді. Алайда қамшының сабындай келте ғұмырдың кімге қаншасы тиетіні Алладан басқа ешкімге белгісіз ғой! 2001 жылы 18 тамызда ЦСКА мен Анжи командалары жолдастық матчын өткізді. Бұл ойында елгезек жігіт Сергей бар болатын. Ол қарсыластың қақпаға көздеген добын қорғауға сақадай сай тұр еді. Ойын барысында басынан ауыр жарақат алды. Жедел жансақтау бөліміне жеткізілген жас қақпашы 28 тамыз күні мәңгілік ғұмырын тәмамдайды. Сөйтіп 30 тамыз күні ел боп ағыл-тегіл боп жылап, оны ақтық сапарға шығарып салады. Ол бар болғаны 23 жаста еді. Жаназасына жиналған жұрттың саны 10 мыңдай адам болатын. 24-ші күзін бөктеруге тура 7 күн қалған еді.
2005 жылы Сергейдің әкесі «Менің ұлым – қақпашы» деген кітабын жазып шығарады. Сон соң жарық жұлдызға арнап ескерткіш тұрғызылды.
Сергей Владимирович Перхун футбол тарихындағы алған жаратқанынан қайтыс болған алғашқы футболшы ретінде ел есінде мәңгілік сақталып қалды.


2003 жыл! Әлем көз тіккен – ФИФА! Кіл мықтыдан шын мықты анықталып, оза шапқан кез. Бұл тартысты бәсекеде камеруындықтардың да қарқыны өте мықты болатын. Конфедерациялар кубогына қол созған құрама жартылай финалдық ойындарын 2003 жылдың 26 маусымында Колумбия құрамасына қарсы өткізеді. Дейтұрғанмен, ойынның қайғылы аяқталатынын ешкім де білмеген еді. Камеруындық жартылай қорғаушы Марк Вивьен Фоэ аяқ астынан жүрегі ұстап, алаң үстіне шалқалай құлап, талып қалады. Ауруханаға жедел жеткізілгенімен тіл тартпай өліп кетеді. Десе де ол өзінің оғыландай озық екенін барша халыққа мойындатып кетті.
Ал, финалдық ойынға әріптестері 1:0 есебімен жетіп, Францияға 1 гол есе жіберіп кіші кубокқа ие болады. Қолдарына Марк Вивьен Фоэ-ның суретін ұстап жылап тұрып, үлкен шеру жасайды.
Жасыл алаң жаңалықтары: Жасыл алаңның төрінде қаза болған футболшылар!Толығырақ!!!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.