Эль-Класиконың фавориті анықталған секілді.

Жасыл алаң жаңалықтары /
Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында кезекті Эль-Класико ойынына куә болдық ағайын. Испания кубогының 1/4 финалы қызықты белдесумен есте қаларлық болды. Азулы Барселона мен Мадридтің Реалымен тізе қағысты. Алғашқы ойында Мадридте қонақтар 1-2 есебімен жеңіп кеткен болса, жауапты ойын сөзсіз таласқа толы болды. Реал ойынның 1 минутынан-ақ шабуылға бет алды, бірақ, Барса өз дегеніне жетті! Ойын 2-2 есебімен аяқталды, десек те екі ойын нәтижесі бойынша Барселона жартылай финалға жол алды. Енді жартылай финалда Валенсиямен белдеседі.

13 пікір

AKA
Месси аман болсын, иншаллаһ «Барса» жеңеді деп сенемін. :)
MSHERIMBEK
Жүдәәәә, жеңе береді екен дә:))))) Реал жеңсін:))))) Кім бар еді өзі Реалда?!:)
AKA
Барсафандар келіңдер, жиналамыз! Қалғандарыңыз бензин, керосин шашпай отырыңыздарии :))))
torpedaip
А, енді Садеке кім күшті сол жеңеді да е)))))))
MSHERIMBEK
Енді ес білгелі Реал деп келеміз. Әр салған голы жеңіс есебі ғой:)
AKA
Біз көппіз, қазір Конвикт те келіп қалу керек. Конвикт, қайдасеееееең? :)))
konvict
АКАААА, келіп қалдым. Барса жжот!!!
konvict
Реалдыңтар сен секілді ғой бәрі 5-қуымдастық
torpedaip
Сізге толық қосыламын, Месси және К аман болсын, Гвардиола мықты болсын!
rauan
Барса барлық ойында фаворит… Барса әлемдегі #1клуб қой негізі… Барса бір жылда Реалды 7 рет жеңген ал реал 9 кездесудің біреуінде болсын жеңе алмаған Барса алға...VIVA BARCA!!!
NoorBall
«Эль-Класиконың фавориті анықталған секілді» дегенді қалай түсінуге болады? «Испания кубогі жарысының фавориті анықталды» деп айтқыңыз келген шығар, не «Барселона соңғы Эль-Класиконың жеңімпазы болды», имхо.
torpedaip
Эль-Класико — Реал мен Барса арасындагы доп додасы. rauan айтып өткендей соңғы 9 кездесуде 7 рет Барса Реалдың «шляпасын қайырған». Міне сол үшін «фаворит».
QAZAQ
Соңғы 4 жылда эл класико болған жоқ, командалардың атақ-даңқ, бюджет жағы базар жоқ болғанымен, Реал Барсаға лайықты бәсекелес емес.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.